«Донор күні-2016». Біздің топқа барлығы келеді!

Донор болу – өте құрметті және қиын міндет, өйткені әрбір ересек адамның қаны басқа адамға құю үшін жарамды бола бермейді. Оның себебі – көптеген қарсы көрсетілімдер және шектеулер болады. Тіпті қан тапсырар алдындағы 6 ай бұрынғы жай тісті емдеу немесе екпелерді салу – сізге қан тапсыруға қарсы болады (қан алудан бас тартады). Сонымен қатар, АЛСЕКО ұйымдастырған акцияға қатысушы донорлардың саны жыл сайын өсіп келеді. 20 маусымда таңғы сағат 8-де Қалалық қан орталығына 26 адам келді (2015 жылы – 11 адам), олар АЛСЕКО-ның осындай маңызды акциясына қатысуға ат салысты. «Алатау Жарық компаниясы», «Бастау», «Алматы жылу желілері», «АЛСЕКО» компанияларының өкілдері донорлар болды. Барлығы құлшыныспен және жүздерінде қуанышпен басқа қазақстандық азаматтардың өмір игілігі мен денсаулығы үшін өздерін құрбан етуге дайын болды. Бұған қоса, толығымен тегін қан тапсырады.

Әсіресе қасиетті Рамазан айы кезінде ораза ұстайтын және қан тапсырудан қорықпайтын донорларды атап өткім келеді. Бұл шын мәнінде игілікті және риясыз әрекет болып табылады! 

Сонымен, өткен Донор күнінің есебі келесідей. Қан алуға жоғарыда аталған барлық ұйымдардың 18 адамы жіберілді. Бұл 7 литр қанды құрайды және бірнеше адамның өмірін құтқара алады! Донорлардың біреуінен қан плазмасы алынды. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ компаниясы атынан ең көп адам қатысты, осыған орай АЛСЕКО және Қалалық қан орталығы осы компанияға үлкен алғыс білдіреді!

Акцияға қолдау көрсетушілерге зор алғыс! Мүмкін, біз біреудің өмірін сақтап қаламыз және жерлестеріміздің біреуіне ауыр науқастан, операциядан айығуынан немесе қатты дене күйігінің қалпына келуіне көмектесеміз! Кез келген жағдайда, бұл көмек мұқтаж жандарды табады, мүмкін, осы апта ішінде оларға қуаныш сыйлаған да болар. 




Жеке кабинет

Өз аккаунтыңызға кіру:
Тіркеу ?
Сіздің жеке шотыңыздың жағдайы туралы көкейкесті ақпаратты ұсынады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Компанияға сұрақ қоюыңызға болады. Өте жиі кезігетіндерін жариялаймыз.

Біз сені іздейміз!

Біздің «АЛСЕКО» компаниясына тұрақты жұмыс істейтін адамдар қажет: