Ардагерлердің шаңырағында қайта қонақта!

Бұл дәстүр осы жылы да жалғасын тапты. Ол Алматы қаласында бізге Жеңіс сыйлаған соңғы ардагер қалғанша жалғаса да бермек. Біз сұрапыл соғысқа қатысқан ардагерлерге бас иіп, алғысымызды айтып, құттықтауымызды жалғастыра бермекпіз. Қуанышқа қарай, әзірше, сыйлық сыйлап, алғысымызды жеткізетін ардагерлер арамызда. Қолдау көрсеткен  «Қазақстан Республикасы ардагерлері ұйымының Алмалы аудандық филиалы» Қоғамдық бірлестігіне мың алғыс!

Біздің қызметкерлер ардагерлеріміздің шаңырақтарына қуана барып, оларды құттықтап, әңгіме-дүкен құрып, өмір мен соғыс жайлы әңгімелеріне сусындап қайтады. Ардагерлердің соғыс жылдары табылған және айырылған достары, жақын адамдары жайлы әңгімелер жүректі тебірентіп, отырған адамдар еріксіз көз жасын алады.     

Арасында үлкен махаббат пен батылдық жайлы әңгімелер, өскелең ұрпаққа айтылған ақыл-кеңестер де аз емес. Қан майданды бастан кешкен ардагерлеріміздің айтуынша сұм соғыстан асқан қасірет жоқ. Кез келген қаржылық дағдарыс, құлдырау мен өркендеу соғыстың қасында түкке тұрмайды.   

Өмірде соғыстан асқан қасірет жоқ! Өкінішке орай, арамызда қартайған шағында бала-шағасы бас тартып, ешкімге керек болмай қалған Ұлы Отан Соғысының қатысушылары да бар. Бір кездері бала-шағасын оқытып-шоқытып, аяқтарынан тұрғызған ардагер қарттар енді бүгін жалғыз қалып, қасірет шегіп отырған жайы бар. Құдайға шүкір, мұндай ардагерлер көп емес. Қалай болғанда да мұндай жағдайға қынжылып, налисың.   

Әйтсе де, жақындарының махаббаты мен назарына бөленіп, бала-шағасы әлпештеп отырған ардагерлеріміздің жарқыраған жүзін көріп, көңілің бір көтеріліп қалады. Оларға қарап, жаның жай табады. 

Ардагерлердің қай-қайсысы болса да, «АЛСЕКО» АҚ берген сыйлықтарға разы болып, рахметтерің айтып жатты. Соғыстағы аштық пен жоқшылықты, қиын қыстау заманды бастан кешірген бұл жандар кез келген сыйлыққа балаша қуанады.     

Волонтер қызметкерлермен бірігіп, соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, соғыс жылдарының әндерін шырқаған Ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметкері Александр Блак майдангерлердің ілтипатына бөленді. Александр – әндерді жанын салып айтатын дарынды бард музыкант. Валентина Ивановна есімді әжей болса, біздің Александрдың орындауындағы сүйікті әндерді тыңдап, бірге қосылып ән айту үшін бүкіл көрші-қолаңдарының басын бір дастарханның басында қосты. Отырыстың көңілді болғаны сонша, жиналған қауым Александрды көпке дейін жібергісі келмеді. 

Александрдың орындауындағы әндерді естіген соғыс жылдары Қиыр Шығыстағы шайқастарда соғысқан жасы 90 асқан енді бір ардагер Павел Тимофеевичдің көңіл-күйі көтеріліп, денсаулығы жақсара түсті. 

АЛСЕКО қызметкерлері жүруден қалып, көзінің жанары кетіп, төсек тартқан ардагердің де отбасына барды. Қарт майдангерді баласы  Владимир (ол да әскери адам) қарайлап отыр екен. Алайда біздің Александр әндерін шырқағаны сол еді, майдангер Павел Тимофеевич атамыздың жүзі жадырай түсіп, көңілі көтеріле бастады. Оның әндерді жан-тәнімен беріліп зейін қойып тыңдап отырғанын байқамау мүмкін емес еді. Мұны көрген біз де, қуанып қалдық.

Біздің компания ардагерлердің отбасыларына бұдан кейін де  барып, көтеріңкі көңіл сыйлап, жеңіс сыйлаған ардагерлерді қуантып жүретін болады. Мұндай игі істен сіздер де құр қалмаңызда дегіміз келеді. Ардагерлеріміздің ерлігі ұмыт қалмасын, қолымыздан келгенше елеп жүрейік ағайын!   

Ешкім де, ешнәрсе де ұмыт қалмайды! 







Жеке кабинет

Өз аккаунтыңызға кіру:
Тіркеу ?
Сіздің жеке шотыңыздың жағдайы туралы көкейкесті ақпаратты ұсынады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Компанияға сұрақ қоюыңызға болады. Өте жиі кезігетіндерін жариялаймыз.

Біз сені іздейміз!

Біздің «АЛСЕКО» компаниясына тұрақты жұмыс істейтін адамдар қажет: