Донор күні-2017

Біздің компания әрдайым осы шараның бастамашысы болып, өзінің барлық Клиенттері мен серіктестерін осындай маңызды әлеуметтік миссияға қосылуға шақырады. Биыл біз серіктес компанияларда жұмыс істейтін өзге адамдардың өмірі мен денсаулығының игілігіне қанын тегін тапсыруға ниет білдірген адамдардан 30 астам өтінім алдық. Өкінішке орай, донорлық қағидалары бойынша қатаң іріктелімнен ниет білдірген жұмыскерлердің тек жартысы ғана өтті. Қан өткізе алмауларының себептері әртүрлі: дәрі-дәрмек қабылдау мен жақында ота жасатудан бастап, жіңішке тамыр мен қан тапсыру алдында жеген жағымсыз тағамдарға дейін.

Қалалық қан орталығының жөндеу жұмыстарына байланысты әуежай жақтағы №4 Қалалық ауруханаға көшіп кетуі де донорларға аздап ыңғайсыздық  келтірді. Оған қоса, қан тапсыру процессі мен оның алдындағы процедуралар да аздап қиындады. Сол себепті донорларымыз Қан орталығында және жолда әдеттегіге қарағанда біраз бөгеліп қалды. Бірақ бәрі бекер емес. 16 адам қан тапсырды. Олардың сегізі  АЛСЕКО қызметкерлері болса, сегізі қалалық РЭС ішінде ең үлкен делегация жинаған «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері.

Қалалық қан орталығының аға медбикесінің айтуынша, орталық донорларға тапшы. Күніне қанша мөлшерде қан тапсырылса да, соның бәрі адамдарға құйылады. Сол үшін де, қымбатты қазақстандықтар, сіздер арнайы «Донор күнін» күтпей, баға жетпес биологиялық материалыңызды кез келген ыңғайлы уақытта келіп тапсыруларыңызға болады. Үндеуімізге жауап қатып, науқанымызға қатысып, ат салысқан қызметкерлердің барлығына зор алғысымызды айтамыз! Ешуақытта да донорлық қанға мұқтаж болмаңыздар!  Аман болыңыздар!

 



Жеке кабинет

Өз аккаунтыңызға кіру:
Тіркеу ?
Сіздің жеке шотыңыздың жағдайы туралы көкейкесті ақпаратты ұсынады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Компанияға сұрақ қоюыңызға болады. Өте жиі кезігетіндерін жариялаймыз.

Біз сені іздейміз!

Біздің «АЛСЕКО» компаниясына тұрақты жұмыс істейтін адамдар қажет: