Жаңалықтар

27
наурыз
Біз қайта көтерілдік! «АЛСЕКО» АҚ ISO 9001:2008 стандарты бойынша сыртқы ресертификациялау аудитінен өтті
Біздің компания наурыз айында өзіне және өз Клиенттеріне Наурыз айына сыйлық жасап, кезекті сыртқы аудиттен табысты өтті
17
қаңтар
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС: 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы қаласында электр қуаты үшін төлеу тарифі өзгерді
Құрметті коммуналдық қызмет тұтынушылары, қуатпен қамтамасыз етуші ұйымнан берілетін ақпаратқа назар салыңыз.
15
қараша
«АЛСЕКО» АҚ Астанадағы «ТКШ-ЭКСПО-2016» Халықаралық Форумда
10-11 қарашада «КӨРМЕ» елордалық көрме кешенінде жыл сайынғы «ТКШ-ЭКСПО» Форумы өтті, бұл Форумға дәстүр бойынша АЛСЕКО компаниясы...

Түбіртекті e-mail бойынша алу

Коммуналдық қызмет тұтынушыларының "АЛСЕКО" АҚ басып шығаратын шот-түбіртектерін алудың жаңа мүмкіндігі пайда болғандығын қуана хабарлаймыз. Енді Сіз шот-түбіртектерді электронды жолдау қызметіне жазылып, оларды  e-mail бойынша алуыңызға болады. Электронды пошта арқылы коммуналдық қызметке төлемақы шот-түбіртектерін алудың оларды дәстүрлі поштамен  жеткізуге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, егер Сіз демалысқа немесе ұзақ ісссапарға кетсеңіз, түбіртек тиісіті мерзімде Сіздің e-mail-ға жеткізіледі. 
 
 
Екіншіден, шот-түбіртек өз адресатын анық табатынына сенімдісіз және қағаз шот- түбіртектерді жеткізу кезінде пошташының жолында кенеттен  домофон немесе ит кезіге кететін кедергі болмайды. Оның үстіне енді шот-түбіртекті виртуальді жәшіктен өзіңіз қай  уақытта алатыныңызды өзіңіз шешесіз, ата-анаңыз сияқты  ескі жақсы пошта жәшігін соңғы рет қашан тексергеніңізді еске алып отырмайсыз. Электронды поштамен шот-түбіртектерді алу үшін "АЛСЕКО" АҚ келісім-шарттар бөліміне келіп, белгіленген үлгідегі өтінішті толтыру үшін мынадай құжаттар жинағын ұсыну керек:
• түпнұсқаны көрсетіп, жеке куәлік көшірмесін; 
• тұрғын үй-жайдың құқық белгілейтін құжаттарының (сату-сатып алу (сыйға тарту) келісім-шарты, мұраға алу туралы куәлік (немесе негізінде құқық пайда болған басқа да құжаттар) көшірмелері, сондай-ақ меншік иесі туралы мәліметтер (тіркеу кезінде берілетін құжат).
 

Назар аударыңыз!
Электронды жіберуге жазылған кезде қағаз түбіртектер жеткізілмейтін болады. 


Егер коммуналдық қызметті тұтынушы өз электронды адресінде алынған шот-түбіртектер бойынша қатарынан екі ай бойы бұл қызметке төлемейтін болса, "АЛСЕКО" АҚ электронды поштамен шот-түбіртектер жеткізуді доғарады және олады дәстүрлі тәсілмен қағаз түрінде жеткізуді қайта  жаңғыртады. 
"АЛСЕКО" АҚ халықтың коммуналдық қызметке ақы төлеуі  қолайлы болу қамын ойлайды. Біз шот-түбіртектер бойынша ақы төлеу әрбір коммуналдық қызметті тұтынушыға барынша қолайлы және шапшаң  болуына ұмтыламыз. 


Жеке кабинет

Өз аккаунтыңызға кіру:
Тіркеу ?
Сіздің жеке шотыңыздың жағдайы туралы көкейкесті ақпаратты ұсынады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Компанияға сұрақ қоюыңызға болады. Өте жиі кезігетіндерін жариялаймыз.

Біз сені іздейміз!

Біздің «АЛСЕКО» компаниясына тұрақты жұмыс істейтін адамдар қажет: