Жаңалықтар

10
мамыр
Ардагерлердің шаңырағында қайта қонақта!
«АЛСЕКО» компаниясында көп жылдан бері игі дәстүр сақталып келеді.  Жеңіс күні қарсаңында компания жұмыскерлері...
27
наурыз
Біз қайта көтерілдік! «АЛСЕКО» АҚ ISO 9001:2008 стандарты бойынша сыртқы ресертификациялау аудитінен өтті
Біздің компания наурыз айында өзіне және өз Клиенттеріне Наурыз айына сыйлық жасап, кезекті сыртқы аудиттен табысты өтті
17
қаңтар
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС: 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы қаласында электр қуаты үшін төлеу тарифі өзгерді
Құрметті коммуналдық қызмет тұтынушылары, қуатпен қамтамасыз етуші ұйымнан берілетін ақпаратқа назар салыңыз.

ИТ консалтинг

Бүгінгі таңда іс-қызметі ақпараттық жүйесіз-ақ болатын компанияны елестету қиын. Бизнестің табыстылығы көбіне жүйе таңдау мен оның жұмысының тұрақтылығына байланысты.

«АЛСЕКО» АҚ консалтинг пен тапсырыс берушінің ақпараттық жүйесін жобалау саласында көрсететін қызметтерін ұсынады. IT-консалтинг – клиентке бизнестің тиімділігін арттыруға арналған ақпараттық технологияны қолданудағы іс жүзінде көмек пен кеңестер. IT-консалтингтің міндеті – тапсырыс берушіге ең жақсы бағамен өте жақсы шешім мен тамаша сервис ұсыну. Консалтинг – дәлме-дәл білім мен нақты тәжірибеге сүйенетін творчество.

Біз көптеген тапсырыс берушілерге қызмет көрсете келіп, программалық жүйелерді жобалау, жасау және енгізуде едәуір тәжірибе жинадық, әр түрлі технология, жүйелер мен шешімдер турасында терең біліміміз бар. Бұл бізге сіздің кәсіпорныңыз үшін неғұрлым ұтымды ИТ-стратегия жасауға мүмкіндік береді.

IT-консалтингттің қызметін пайдаланған Сіз жағдайға ықпал ететін факторлардың кең өрісін ескеріп, проблеманы шешуге кешенді түрде келу мүмкіндігін аласыз. Сонымен қатар IT-консалтингттің мынадай артықшылықтарын атап өтуге болады:
  • Арнайы сала мен жаңаша технология жайлы білімнің кең өрісінде бірігу нәтижесінде жобаны іске асыру мерзімдері едәуір қысқарады және құны кемиді;
  • Бірлесіп жұмыс жүргізу кезінде оқыту есебінен тапсырыс беруші қызметкерлерінің біліктілігі тез өседі;
  • Жұмыс шығындарын, мерзімдерін, тәуекелдерін жоспарлау мүмкіндігі;
  • Нәтижесіне қарай кезең-кезеңмен қаржы салу;
  • Жұмыс орындау барысында қажетті шұғыл өзгерістер мен түзетулер енгізу мүмкіндігі;
  • Енгізілуі оңай және қарапайым жүйе құру;
  • Нәтижелерді қалыптастыру және материалдандыру есебінен жұмыс орындауды тиімді бақылау;
  • Тапсырыс беруші мен мердігер-фирмалардың өзара қарым-қатынастарын оңтайландыру нәтижесінде тәуекелділіктерді азайту.
Өз тарапымыздан мыналарға кепілміз:
  • енгізілетін жүйелердің тиімділігі, кәсіпорынның талаптарын толығымен қанағаттандыратын функциональды мүмкіндіктер;
  • кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің жалпы ресурстарын пайдалану мүмкіндігі;
  • информатикалық жүйелердің тоқтаусыз жұмыс сенімділігінің жоғары деңгейі;
  • тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес қызметті жедел түзеу;
  • инфрақұрылымның барлық құрамдасының қауіпсіздігі;
  • құн жағынан тиімділік.
 
Егер компания сол заматта-ақ пайда алуды міндет етпей, ұзақмерзімдік келешек жайлы ойланса. Тапсырыс берушінің табысын өз табысындай санайтын IT-консалтинг қызметін ұсынатын серікті таңдауы өте маңызды.

Жеке кабинет

Өз аккаунтыңызға кіру:
Тіркеу ?
Сіздің жеке шотыңыздың жағдайы туралы көкейкесті ақпаратты ұсынады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Компанияға сұрақ қоюыңызға болады. Өте жиі кезігетіндерін жариялаймыз.

Біз сені іздейміз!

Біздің «АЛСЕКО» компаниясына тұрақты жұмыс істейтін адамдар қажет: