Жаңалықтар

17
қаңтар
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС: 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы қаласында электр қуаты үшін төлеу тарифі өзгерді
Құрметті коммуналдық қызмет тұтынушылары, қуатпен қамтамасыз етуші ұйымнан берілетін ақпаратқа назар салыңыз.
15
қараша
«АЛСЕКО» АҚ Астанадағы «ТКШ-ЭКСПО-2016» Халықаралық Форумда
10-11 қарашада «КӨРМЕ» елордалық көрме кешенінде жыл сайынғы «ТКШ-ЭКСПО» Форумы өтті, бұл Форумға дәстүр бойынша АЛСЕКО компаниясы...
25
тамыз
«АЛСЕКО» АҚ- 2016 ЖЫЛДЫҢ САЛА КӨШБАСШЫСЫ!
3 тамызда «АЛСЕКО» АҚ 18 жасқа толды! Туған күніңе қарай «2016-Сала көшбасшысы» сияқты аса жоғары марапатқа ие болу әсіресе...

Биллинг орталығы

Биллинг орталығы коммуналдық қызметпен жабдықтаушылар іс-қызметінің тиімділігін арттырудың ішкі тетігі болып табылады. Биллинг орталығының қызметін пайдаланудың артықшылығы - сыртқы арнайы ұйымның күшімен бұдан да жақсы және арзан орындалатын секторда шығынды азайту.
 
«Толық циклді» биллингтік жүйе - өзіне кемінде есептік және төлемдік жүйенің міндетті іс-қызмет аясын біріктіретін жүйе. Яғни халықтың, тұрғын үй қорының, көрсетілетін қызметтердің, тарифтердің және жеңілдіктер мәліметтерінің біртұтас базасын қолдауды қамтамасыз етеді, төлемге арналған шоттар ұсынуға мүмкіндік береді, төлемдер жөнінде ақпарат жинауды жүргізеді, өңдейді, есеп беруді шығарады.
 
Толыққанды биллинг орталығы бірден көп жабдықтаушыларға қызмет көрсетеді. Соның арқасында әрбір жабдықтаушыға көрсетілетін есептік қызмет құны жабдықтаушының өзінің дербес абоненттік базасын қолдауға, есептеу жүргізу және төлемдер қабылдауға шығатын шығысынан едәуір төмен болуы мүмкін. Оның үстіне бірнеше жабдықтаушымен бірден өзара іс-әрекеттесу төлеушілерге қосымша қолайлы ыңғай жасайды және жабдықтаушылар мен тұтынушылар мүдделерін сәйкестендіріп, ақшалай қаражат жинау арналарын барынша кеңейтеді.
 
Төменде биллинг орталығының негізгі қызметтері келтірілген:
 
1.    Мәліметтердің, есептеулердің біртұтас базасын қолдау және ағымдық талап ету жұмысы;
2.    Ағымдық шоттарды төлемге ұсыну;
3.    Тұтыну несиелерін біртұтас түбіртек құрамында өтеу талаптарын ұсыну. Бұл қызмет өзінің жеке бизнесін дамытуға ұмтылатын коммерциялық банк үшін қызығушылық танытады;
4.   Түбіртектерде жарнамалық хабарландырулар (коммерциялық жарнама, әлеуметтік және саяси жарнама) орналастыру;
5.   Төлемдерді қабылдау және диспетчерлендіру (банктер, пошта және басқа жинаушылар арқылы);
6.   Мерзімі өткен берешекті талдау және талап ету – қуыным жұмысы;
7.   Қызметпен жабдықтаушыларға мерзімдік есептер ұсыну;
8.   Жинақтап, қорытылған статистикалық ақпаратты коммерциялық пайдалану.

Жеке кабинет

Өз аккаунтыңызға кіру:
Тіркеу ?
Сіздің жеке шотыңыздың жағдайы туралы көкейкесті ақпаратты ұсынады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Компанияға сұрақ қоюыңызға болады. Өте жиі кезігетіндерін жариялаймыз.

Біз сені іздейміз!

Біздің «АЛСЕКО» компаниясына тұрақты жұмыс істейтін адамдар қажет: