Жаңалықтар

17
қаңтар
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС: 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы қаласында электр қуаты үшін төлеу тарифі өзгерді
Құрметті коммуналдық қызмет тұтынушылары, қуатпен қамтамасыз етуші ұйымнан берілетін ақпаратқа назар салыңыз.
15
қараша
«АЛСЕКО» АҚ Астанадағы «ТКШ-ЭКСПО-2016» Халықаралық Форумда
10-11 қарашада «КӨРМЕ» елордалық көрме кешенінде жыл сайынғы «ТКШ-ЭКСПО» Форумы өтті, бұл Форумға дәстүр бойынша АЛСЕКО компаниясы...
25
тамыз
«АЛСЕКО» АҚ- 2016 ЖЫЛДЫҢ САЛА КӨШБАСШЫСЫ!
3 тамызда «АЛСЕКО» АҚ 18 жасқа толды! Туған күніңе қарай «2016-Сала көшбасшысы» сияқты аса жоғары марапатқа ие болу әсіресе...

Программалық қамтамасыз етуді жете зерттеу

Тапсырыспен программалық қамтамасыз етуді әзірлеу "АЛСЕКО" АҚ іс- қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Программалық қамтамасыз етуді жасап шығару бөлімінде шағын жеке қосымшалар да, программалар да, едәуір ауқымдағы информатикалық жүйелер де жасалады.

Бұл бағытта ұсынарымыз:
• информатикалық жүйелер құру;
• «тапсырыспен» программалық қамтамасыз  етуді жасау – кіші автоматтандыру;
• информатикалық жүйелерді қолдау.

Информатикалық жүйелер жасау – көп кезеңді жоба, бұған әзірлеумен қатар жете зерттеу, талдаушылық және басқару іс-қызметі, жобалау, енгізу және қолдау кіреді. "АЛСЕКО" АҚ мамандары информатикалық жүйелерді құру мен іске қосудың барлық сатыларын сәтті орындауға мүмкіндік беруге қажетті білім мен тәжірибеге және білктілікке ие болған. Біз өз жұмысымызда мынадай қағидаттарға сүйенеміз:
     1. Саланың мән-жайын мұқият талдау;
     2. Болашақ программалық қамтамасыз ету үлгісін жасау ;
     3. Программалық қамтамасыз ету және мәліметтер базасын жасаудың озық технологиясын қолдану;
     4. Программистер мен математиктердің кәсіптік командасы;
     5. Әзірлемелер арасындағы лицензиялық программалық қамтамасыз ету;
     6. Дайын программалық өнімді терең, жан-жақты тестілеу;
     7. Жасалған программалық қамтамасыз етуді енгізу және пайдалану сатысында қолдау;

Мұндай әдіс бізге сапалы программалық қамтамасыз ету және мәліметтер базасын жасауға ғана емес, мұны қысқа мерзімде, сенімді, баға жағынан үнемді жасауға мүмкіндік береді.

Мақсатымыз қолайлы және сенміді программалық қамтамасыз етуді құру ғана емес, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланушылармен өзара іс-әрекет жасау. Тапсырыс берушілеріміздің тілегі бойынша біз қолданылыр жүрген жүйелерге реинжиниринг жүргіземіз, солардың негізінде Сіздің компанияңыздың және Сіздің бизнесіңіздің іс-қызметінің бірегей ерекшеліктерін ескеретін, программа жасап шығару, жобалау және программалық қамтамасыз ету жөніндегі жаңа, осы заманғы информатикалық кешендер құрамыз.
Компаниямыз жасалатын программалық қамтамасыз етудің жоғары сапасына кепіл.
 
Қазіргі уақытта "АЛСЕКО" компаниясы коммуналдық қызметпен жабдықтаушылардың іс-қызметін автоматтандыру үшін Программалық қамтамасыз ету (ПҚЕ) ұсынады. Электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету және газбен қамтамасыз ету кәсіпроындары үшін Программалық-техникалық кешендер (ПТК) жасап шығарды және пайдалунуға берді.

ПТК - MS SQL Server мәліметтер базасын басқару жүйесі негізінде құрылған, осы заманғы программалық өнім және коммуналдық және басқадай төлемдер есептеуді автоматтандыруға, сондай-ақ бірыңғай мәліметтер базасын жүргізуге арналған. ПТК жұмыс жылдамдығы, сенімділігі, ақпаратты қорғау жөніндегі қазіргі заман талаптарына, мәліметтер базасына қызмет ету деңгейіне, сервистік мүмкіндіктерге сай және қалалардың (аудандардың), ірі басқарушы компаниялардың  Бірыңғай есеп орталықтарында пайдалануға арналған.  

ПТК МІНДЕТТІ ІС-ҚЫЗМЕТІ МҮМКІНДІКТЕРІ:
Есептеу мен төлемдердің бірыңғай базасын жүргізу.
• Оның жеке бірегей мәліметтері негізінде, әр жеке шот үшін жеке-жеке орындалатын, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет шығыстарын есептеу есебі.
• Қай кезең болса да кез келген жеке шот бойынша автоматты түрде қайта есептеу.
• Тұрғын үй-коммуналдық және басқадай қызметтерге, анықтамаларға, тізімдерге және статистикалық және бухгалтерлік мазмұндағы есептерге, оның ішінде диаграммалар мен кестелерді пайдаланатындарымен қоса төлемақыға арналған шот-түбіртектердің мекен-жайлық бланктерін генерациялау және басып шығару. 
• Халықтың коммуналдық және басқадай қызметке төлемін іске қосу және өңдеу, сонымен қатар оларды жеке шоттар бойынша бөліп тарату.
 
Информатикалық жүйелерді құру қорытындысын күткен және алынған нәтижелердің үйлесуі деп санайтын біз – программалық қамтамасыз етуге тапсырыс беруіңіз жаңа информатикалық технологияларға бізбен бірге жүрген сенімді қадамыңыз деп кәміл сенеміз.

Жеке кабинет

Өз аккаунтыңызға кіру:
Тіркеу ?
Сіздің жеке шотыңыздың жағдайы туралы көкейкесті ақпаратты ұсынады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Компанияға сұрақ қоюыңызға болады. Өте жиі кезігетіндерін жариялаймыз.

Біз сені іздейміз!

Біздің «АЛСЕКО» компаниясына тұрақты жұмыс істейтін адамдар қажет: