АЛСЕКО

Ақпараттық жүйелерді әзірлеу, сүйемелдеу және ұйымдастыру мен IT-консалтинг және IT-аудит қызметтерін ұсынатын белсенді дамып келе жатқан IT-компания болып табылады.

Жалпы ақпарат Компания міндеті Компания тарихы Әріптестер және клиенттер
20 жыл.

Компанияның барлық бөлімшелерінің 20 жыл барысындағы бірауызды жұмысы нәтижесінде АЛСЕКО елеулі тәжірибе жинады. Қызметі бастапқы ақпаратты нақты цифрлауды және тәуелсіз бөлімшелердің өзара іскерлесудің реттелген процессін қажет ететін коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен әріптестік арқасында бүгінгі таңда біз «үлкен деректерді» жинау, өңдеу және талдау, шашыраңқы жүйелерді біртұтас ақпараттық өріске біріктіру, заманауи бағдарламалық-техникалық кешендерді ұйымдастыру және сүйемелдеу саласындағы білімге иеміз. Компаниямыздың мүмкіндіктері коммуналдық төлемдерді өңдеу шектерінен шығады.

Бізбен бірге дами түс

Біз өз клиенттерімізбен бірге үнемі өсіп және дамып келе, ақпараттық жүйелерді ұйымдастыру мен сүйемелдеу қызметтердің алуан түрлерін ұсынамыз, сонын ішінде:

  • Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу және енгізу
  • Кірістіру сервистерін құру
  • IT-инфрақұрылымының кешенді IT-аудиті және әкімшілік ету
  • DATA-орталық жұмысын ұйымдастыру және әкімшілік ету
  • Ақпараттық және корпоративтік жүйелерді сүйемелдеу
Тығыз әріптестік

Тапсырыс берушілерімізбен тығыз әріптестік арқасында біз көптеген қызметтерді дамыта білдік, солардың ішінде: шот-квитанциялардағы жарнама, деректердің динамикалы мазмұнды шығыс қалыптарын басып шығару, жиектеу, деректерді цифрлау, автоматты қоңыраулар, бейне бақылау жүйелерін орнату және сүйемелдеу.

Мамандар

АЛСЕКО басты қозғалтқышы болып біздің мамандар табылады. АЛСЕКО – кәсіпқойлық және ашықтық қағидаларымен біріктірілген адамдар тағдырларының ерекше құймасы. Компания қызметкерлерінің жұмысын бағалай біледі және жұмыс процессін жайлы және дұрыс ұйымдасқан етуге тырысады. Және компания басқармасының қызметкерлеріне деген дұрыс қатынасының дәлелі болып қызметкерлердің 70% астамы компанияда 5 жылдан артық жұмыс істейтіндігі табылады.

Болашақ жүйесі

Барлық салған күштерімізді біз іс жүзінде пайдалануға болатын, кез келген компания қызметі мен жалпы қоғамның дамуына оң әсерін тигізетін ақпараттық жүйелерді құруға жұмылдырамыз. Біздің саясат өзіміз әзірлейтін бағдарламалық жасақтаманың әлемдік стандарттарға сәйкес жоғары сапасын қамтамасыз етуге және әріптестеріміздің, қызметкерлеріміз бен клиенттеріміздің жайлы өмірлерінің жағдайларын жасауға негізделген.