Ақпараттық жүйелерді әзірлеу, сүйемелдеу және ұйымдастыру мен IT-консалтинг және IT-аудит қызметтерін ұсынатын белсенді дамып келе жатқан IT-компания болып табылады.
IT-инфрақұрылым аудитін орындау компанияның барлық ішкі жүйелерін: бағдарламалық және аппараттық жасақтаманы, қауіпсіздікті байланыс және коммуникация арналарын түгендеуді, зерттеуді және талдауды қамтиды.
Ел алдына шығу
1998 жылы «АЛСЕКО» Жабық Акционерлік Қоғам алғашқы шоттарын басып шығаруға жіберді. Сол кезде Алматы қ. электр энергиясын тұтынушы жеке тұлғалар бойынша бірыңғай дерекқор жинақталды. Міне содан компания тарихы басталған.
Ел алдына шығу
Жеткізушілерге жеке тұтынушылардың тарихын бақылап, онымен бір бірімен бөлісу мүмкіндігін берген орталықтандырылған дерекқор біздің үлкен әлемге апарар билетіміз болды. 1999 жылы «АПК» ЖАҚ абоненттік қызметтері оған тікелей қатынау мүмкіндігіне ие болды.
Ел алдына шығу
Сол жылы компания өз мүмкіндіктерін көрсетуге бар күшін салды. Сол кезде бірнеше мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешен әзірленіп, іске қосылды.
Тұтынушылардың орталықтандырылған базасы толыққанды жұмыс істей бастады. Ал анықтамалық «Жедел желі» алғашқы қоңырауларын қабылдады.
Сол жылы электр энергиясы есептегіштерінің көрсетулерін алу жауапкершілігін жүктеген «Есеп аспаптарының көрсетулерін алу қызметі» құрылды. Біраз уақыттан кейін басқа да жеткізушілер біздің қызметтерімізді пайдалануды ұйғарды.
Ел алдына шығу
«Ringer» - электр және жылу энергиясы бойынша қарызгерлерге қоңырау шалу мүмкіндігін беретін бағдарламалық-техникалық кешен біздің мамандарымыздың күшімен жарық көрді.
Тұрғындарға жаңа қызмет ұсынылды – «АЛСЕКО» ЖАҚ корпоративтік желісіне қосылған табиғи газ жеткізушісі «КазТрансГазДистрибьюшн» АҚ (Шымкент қ.) іскерлесу арқасында мүмкін болған табиғи газ қызметтерін тұтынушылар жөніндегі ақпаратты жүргізу және өңдеу. Сонда сол мезеттегі инновациялық шешім қабылданды –дерекқор сервері Алматыда, ал абоненттік жұмыс орындары – Шымкент қаласында қалыптастырылды.
Жұмыстардың осылайша ұйымдастырылуын сырттағы, қашықта орнатылған құрал-жабдықтар пайдаланылатын қазіргі бұлттық технологиялар мен дата-орталықтар атасы деп айтуға болады.
Ақпаратты электронды түрде жүргізудің айқын артықшылықтарын көргеннен кейін біздің клиенттер өздерімен жұмыс істеу де өздерінің қызметтерінің ажырамас бөлігі болып табылатын заңды тұлғалар жөніндегі ақпаратты жинау мен өңдеуге арналған биллингтік жүйелерді әзірлеуде іскерлесуді ұсынды. Осылайша «УКП-Электроэнергия юридические лица» («КТЕ – Электр энергиясы Заңды тұлғалар») және «УКП -Теплоэнергия юридические лица» («КТЕ – Жылу энергиясы Заңды тұлғалар») бағдарламалық өнімдері пайда болды. Біздің шешімдер электр және жылу желілерінің абоненттері жөніндегі ақпаратты өңдеуге арналған Қазақстандағы тұңғыш арнайы әзірленген шешімдер болып табылады.
Ел алдына шығу
Біздің дата-орталықты және бағдарламалық шешімдерді пайдалану артықшылықтарын басқа қалаларда да бағалап, біздің тұрғындардың газды тұтынуын есепке алуға арналған БЖ Тараз және Алматы қалаларында іске қосылды. Пайдаланушыларды деректерді жүргізу ыңғайлығы, ал тұтынушыларды– ақпаратты өңдеу жылдамдығы қуантты.
Сол жылы Компанияның «Инновациялық әзірлемелер тобы» құрылды. Бұл бөлімшені құру қажеттілігі клиенттеріміздің қажеттіліктерінің өсу қарқындылығынан туындады. Топ БЖ жаңартумен, қосымшалардың құрылымдарын өзгертумен айналысты. Өз жұмыстарында «Инновациялық әзірлемелер тобының» қызметкерлері үздіксіз өзгеріп отырған IT-саласының ең жаңа тәжірибелерін пайдаланды.
Сол кезде қызметтің барлық бағыттарының жобалары бойынша менеджерлер бөлімшесі де толық күшін салып жұмыс істей бастады. Бұл бағдарламалық жасақтаманы дер кезінде жетілдіру мен оңтайландыру арқылы клиенттермен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етті.
Ел алдына шығу
Бірқатар талапты орындап: клиенттерінің пікірлерін табыстап, техникалық және бизнес-тестілеуден өтіп, «АЛСЕКО» ЖАҚ IT әлемінің алыбы – «Microsoft» компаниясының сертификатталған әріптесі ретінде танылды.
Жаңа қалалар, жаңа көкжиектер
Біз үшін өзінде тұтынылған жылу энергиясы үшін деректерді жинау, өңдеу және шоттар жазу процесстері автоматтандырылған Орал қаласы ашылды.
Жаңа қалалар, жаңа көкжиектер
Жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіндіктер уақыты келді – «АЛСЕКО» ЖАҚ қайта тіркеуден өтіп, «Акционерлік қоғам» мәртебесін иеленді.
Сол кезде компания аудан орталықтарындағы қызметін кеңейте алды, тұрғындардың табиғи газды тұтынуын есепке алу БЖ Шымкент қ. маңындағы көптеген аудандарда іске қосылды.
Жаңа қалалар, жаңа көкжиектер
Әріптестермен іскерлесу географиясы қарқынды кеңейіп, Қазақстан шекарасынан асты. Тбилисиде (Грузияда) сату қызметтері мен тұтынушылармен абоненттік жұмысты жүргізуді ұйымдастыруға талдау жасалды. Ол кейіннен қалада газды тұтынуды есепке алу және бақылау бағдарламалық-техникалық кешенін іске қосу мүмкіндігін берді.
Сол кезде «АЛСЕКО» мамандары Павлодар қаласының тұтынушылармен жұмыс жүргізу үшін жауапты «Энергоорталық» АҚ бағдарламалық жасақтамасының функционалдығына талдау жасап, БЖ оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірледі.
Нақты сол жылы «АПК» АҚ реформасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде біздің тұрақты әріптестеріміздің және достарымыздың қатарына «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС және «АПК» АҚ (кейіннен атауы «АЖК» АҚ ауыстырылған) компаниялары қосылды. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС және «АПК» АҚ бірлесе отырып электр энергиясын тұтынуды есепке алу және бақылау бағдарламалық жасақтамасын жаңарту және толықтыру бойынша жұмыстарды орындау басталды.
Жаңа қалалар, жаңа көкжиектер
Қызылордада бірыңғай коммуналдық қызметтер орталығын құру үшін біз «Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму» мемлекеттік қорымен (Қызылорда) тұрғын-үй коммуналдық саласының жоба алды зерттеуін өткізу бойынша іскерлесуді бастадық.
Дамудың жоғары қарқындылығы мен техникалық мамандардың деңгейінің өсуінің арқасында 2007 жылы «АЛСЕКО» Майкрософт Алтын Әріптесі - Microsoft Gold Certified Partner мәртебесін иеленді.
Сол жылы Алматыда «АЛСЕКО» «Су арнасы» МҚК бірлесе отырып суық суды тұтынуды және төкпе суларды шығаруды есепке алу және бақылау бойынша ірі көлемді жобаны бастады.
Жаңа қалалар, жаңа көкжиектер
«АЛСЕКО» АҚ он жылдығын атап өтті. Дамудың жаңа сатысы болып Алматы қ. Салық комитетімен әріптестік табылды.
Әрі қарай даму қажет етіледі және қызметінің 10-жылдығында «АЛСЕКО» Қазақстан бас қаласында еншілес компаниясының Астана- БЕО тіркеуін сәтті орындады. Алматыдағы БЕО өзінің дамуының 10 жылы барысында тұтынушылар үшін де, қызметтерді жеткізушілер мен сервистік ұйымдар үшін де ыңғайлылығын дәлелдей білгенін атап өту қажет. Міне сол себепті Астана қ. әкімдігі Астана тұрғындары үшін де ұқсас есептеу орталығын құру жөніндегі ұсынысымен бізге келді. Астаналықтармен бірлесе отырып біздің мамандар өңірдегі банктердің, сервистік ұйымдар мен қызметтерді жеткізушілердің жұмыстарындағы ерекшеліктерді зерттеп, БЖ икемдеп, баптау және өзгедей жұмыстарды орындап, бір жыл ішінде Бірыңғай есептеу орталығының жұмысын бастап берді. Тез арада біз қала мен коммуналдық басшылығынан да, Астана қ. тұрғындарынан да оң пікірлер алдық.
Сол жылы электр энергиясын тұтынушылар туралы ақпаратты өңдеу және есепке алу биллингтік жүйесінен және дата-орталығынан тұратын АЛСЕКО бағдарламалық-техникалық кешені Алматы облысының қалаларында сәтті іске қосылды.
Жаңа қалалар, жаңа көкжиектер
Астана және Алматы қалаларындағы БЕО пайдаланудың барлық артықшылықтарын түсіне отырып, Қызылорда қ. әкімдігі бізбен Қызылорда қ. БЕО ұйымдастыру үшін бағдарламалық шешімді іске қосу туралы шарт жасасты. Біздің мамандар БЖ сол аймақ үшін баптап, икемдеу бйоынша барлық жұмыстарды орындады. Бұл өзінің арқасында түрлі қалаларда жұмыс істеудің ерекшеліктерін бұрынғыдан да жақсы түсініп, жаңа білімге қол жеткізген тағы бір жоба болды.
Ал туған қаламызда бізге біздің тағы бір ірі әріптесіміз - «АЛМА-ТВ» АҚ бізге шоттарды басып шығару мен жеткізуді сеніп тапсырды.
Ұлттық тану
«Алматыжылукоммунэнерго» АҚ биллингтік қызметтер көрсету туралы шарт жасалды.
Ұлттық тану
Электр энергиясы қызметтерін тұтынушылардың ыңғайлылығы үшін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бірлесе отырып «Электр энергиясын тұтынушының жеке кабинеті» әзірленді. Әзірлеме тұтынушыларға «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бөлімшелеріне бармай, есептегіштерден алынған көрсеткіштер, шығарылған есептемелер және түскен төлемдер туралы ақпаратты алып отыру мүмкіндігін береді.
Жаңа өнімдер – БЖ тестілеу процесстерінің аудиті және тестілеуге үйрету қызметтері пайда болды.
Сол жылы «АЛСЕКО» ISO 9001:2008 халықаралық сапа стандартына сәйкестікке сертификациялаудан сәтті өтті.
Ұлттық тану
2012 жылы біздің байырғы әріптестеріміз «АлТС» ЖШС үшін тұтынушы-заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын есепке алу бойынша бағдарламалық жасақтама толықтай жаңартылды.
Алдын ала жұмысты біз 2011 жылдан бастап орындап келдік: зерттеу жұмыстары орындалып, қажеттіліктер мен тар жерлер нақтыланып, жаңа технологиялар зерттелді, жаңа жүйені әзірлеу және оны тәжірибелік пайдалану орындалды. Осылайша, 2012 ж. қазанында «АлТС» ЖШС қызметкерлері жаңа «ALSECO. Heat» жүйесін пайдалануға көшті.
Сол жылы «АЖК» АҚ үшін электр энергиясын есепке алу аспаптарынан көрсетулерді оқуға арналған мобильді бағдарламалық шешім әзірленді. Ол «АЖК» АҚ бақылаушылардың үйлерді аралау жылдамдығын артырып, құрылғыда онлайн режимінде орындалатын алдын ала тексерулер нәтижесінде қателер санын азайту мүмкіндігін берді.
Ұлттық тану
15-жылдыққа ең тамаша сыйлық болып «Қазақстан экономикасына қосқан елеулі үлес, өндірістік қызметті жоғары стандарттарын қалыптастыру және елдің құқықтық экономикалық дамыған мемлекет ретіндегі абыройын қолдау үшін. Қазақстан ұлттық бизнес-рейтингі» сертификаты мен төсалқасын алу табылды.
Компания осыған тоқтамай, Шығыс Қазақстан Облысы үшін 1С 8.2 платформасындағы электр энергиясын есепке алу бойынша жаңа бағдарламалық жасақтама әзірледі. Сол кезде жылу энергиясын есепке алу (жеке тұлғалар) және Алматы қаласының Салық департаменті үшін көлік құралдарын есепке алу бойынша жетілдірілген бағдарламалық өнімдер жарық көрді.
Google Play Market тегін қосымшаларының ТОП 25 қатарына кірген «АЛСЕКО. Жеке кабинет» мобильді қосымшасы жарық көрді. Қосымша есептегіш көрсеткіштерінің фотосуреттерін жіберу мүмкіндігін беріп, нәтижесінде жиналатын деректердің саны елеулі түрде артты.
Технологияларды дамыту
Инновациялар және үздіксіз жетілу қағидасын ұстана отырып, Шығыс Қазақстан энергетиктері үшін есепке алу аспаптарының көрсетулерін қалта компьютерлері арқылы оқу БЖ және «Тұтынушының жеке кабинеті» әзірленді.
«АлТС» ЖШС үшін тұтынушы жеке тұлғаларының жылу энергиясын есепке алу бойынша бағдарламалық жасақтаманы ауыстыру жүзеге асырылды. Енді барлық есептеулер бір «ALSECO. Heat» жүйесінде жүзеге асырылды. «ALSECO. Heat» БЖ толықтай іске қосылып, мемлекеттік тіркеу куәлігін алды.
Ақтау және Орал қалаларының салық басқармаларында ақпаратты өңдеу шығындарын қысқарту, салық төлеушілер, салық салу нысандары мен көлік құралдарының дерекқорын орталықтандыру және қосымша түрде жүзеге асырылатын өзгертулерді бақылау мүмкіндігін берген «Өндірістік емес төлемдерге әкімшілік ету ақпараттық жүйесі» (ӨЕТӘ АЖ) БЖ сәтті іске қосылды.
Сол жылы біз IT-қауіпсіздігі аудитінің жүйесін іске қостық. Сонымен қатар, «Жеке деректерді қорғау туралы» Заңының талаптарын орындау мақсаттарында біз коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен бірлесе отырып өзінің арқасында Алматы мен Алматы облысының тұрғындары конверт ретінде бүктеліп, жиектері желімделген шот-квитанциялар ала бастаған шот-квитанцияларды жиектеу жүйесін енгіздік. Ол жеке деректерді қорғауды қамтамасыз етті.
Технологияларды дамыту
IT-жүйелерінің дұрыс қалыптастырылған әкімшілігі жұмысымыздың негізгі қағидаларының біріне айналды. Біз ақпараттық технологиялар бөлімінің операциялық қызметін автоматтандырып, әдеттегіден тыс жағдайларда жылдам әрекет ету үшін серверлер мен коммутациялық құрал-жабдықтар мониторингінің кешенді жүйесін кеңейттік.
Жұмысымызды үздіксіз жетілдіріп отыру Ақтау қ. әкімдігіне «Өндірістік емес төлемдерге әкімшілік ету ақпараттық жүйесі» (ӨЕТӘ АЖ) БЖ сүйемелдеуді сеніп тапсыруға мүмкіндік берді. Және біздің іскерлесу жөніндегі ұсынысымызға жаңа қалалар да ат салысты. «АЛСЕКО» «ӨЕТӘ АЖ» БЖ Атырау және Көкшетау қалаларының мемлекеттік кірістер Басқармаларында сәтті іске қосты.
«ALSECO.iЕРЦ» - біздің көлемді өніміміз жарық көрді. Ол БЕО жұмысын кез келген қалада оңай және тез ұйымдастыру мүмкіндігін берді.
Біз Алматы облысының тұрғындары үшін коммуналды қызметтер үшін төлеудің бірыңғай шот-квитанциясын басып шығаруды бастадық.
Мүлдем жаңа жүйелерге, білімге және тәжірибеге негізделген заңды тұлғаларға арналған электр энергиясын есепке алу бойынша «ALSECO. Power» БЖ әзірленіп, іске қосылды. Бұл жүйе жұмыстардың үлкен көлемін аз еңбек шығындарымен орындау мүмкіндігін берді. Осы БЖ жүзеге асырылған алгоритмдер көптеген түрлі параметрлермен есепке алу бойынша қиын есептеулерді қиналмай орындау мүмкіндігін береді.
Технологияларды дамыту
Бір жылдың ішінде Көкшетау қ. жаңа «УКП-Вода» БЖ жетілдіріліп, пайдалануға берілді.
Біз «ALSECO.iЕРЦ» БЖ авторлық құқықты мемлекеттік тіркеу куәлігін алдық және осы шешімді «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК серіктестерімізбен бірлесе отырып, Көкшетау қ. енгіздік.
Технологияларды дамыту
Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы үшін «АӨО ААЖ» ірі көлемдегі бағдарламалық жасақтамасын сүйемелдеуге және дамытуға уағдаластыққа қол қойылған. Бұл барлық Республикасын қамтитын ақпараттық жүйе, атқару өндірісін есепке алуды жүргізуге, сот орындаушылардың процессуалдық әрекеттерін автоматтандыруға, сондай-ақ, атқару өндірісінің барысын қадағалауға мүмкіндік береді.
Көкшетау қ. әкімшілігінде «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК және «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК бірге ақпараттық жүйелерді дамытуға шарттар жасалды.
Технологияларды дамыту
«Өндірістік емес төлемдерді басқарудың ақпараттық жүйесі» әйгілі бола бастады. «ӨЕТӘ АЖ» енгізуге Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Ақтөбе облыстарында шарттар жасалды. Сондай-ақ, сүйемелдеуге шарттар Көкшетау және Атырау қалаларында бар.
Тағы бір тіркеу туралы куәлікті «АЛСЕКО» өзінің «ALSECO. Power» БЖ алды. Бұл біздің ұдайы даму үстінде екенімізді және клиенттеріміздің жұмыстарын сәл де болса, анағұрлым жеңіл, ал ақпарат-түсінікті етенінін дәләлдейді.
Профессионализм в области современных IT решений
Разработано 3 веб-приложения: «ALSECO.Power Online»,«ALSECO. Smart ЖКХ», «ALSECO.Zher-Kazyna».
Наша разработка АИС ОИП успешно прошла испытания и получила Акт о соответствии Единым требованиям Информационной безопасности. АИС ОИП - первая система Министерства юстиции Казахстана, которая прошла испытания.
Профессионализм в области современных IT решений
«ALSECO. Power Business» для ТОО «АлматыЭнергоСбыт», «ALSECO. Heat Online» для ТОО «Алматинские тепловые сети», «ALSECO. Power Балансы» для АО «Алматы Жарык Компаниясы».
Профессионализм в области современных IT решений
Разработана и запущена в опытную эксплуатацию ИС «Е-Шанырак» (Информационная система централизованного сбора и хранения данных в сфере жилищных отношений и ЖКХ)
Информация о нашей IT-компании давно вышла за рубежи Казахстана. Мы заключили договор на сопровождение ООО «Батумский нефтяной терминал», для которых осуществляем мониторинг и поддерживаем бесперебойную работу СУБД.
Профессионализм в области современных IT решений
На базе технический решений АЛСЕКО запущены ЕРЦ в г.Усть-Каменогорск и г.Семей
Запущен портал Smart ЖКХ, обеспечивающий удобное взаимодействие жильцов и других участников управления домом в рамках единой информационной платформы
В компании открыт БЛОК ИННОВАЦИЙ для поиска и применения современных технологий в новых и существующих проектах
Сдана в промышленную эксплуатацию новая улучшенная версия АИС ОИП 2.0 для Республиканской палаты частных судебных исполнителей