АЛСЕКО. iЕРЦ

Алматы қ. бойынша бірыңғай есеп айырысу орталығы 1998 жылдан
бастап қызмет атқарып келеді және тұрғындарға қызметтер бойынша
деректерді ыңғайлы түрде: қағаз шот, электрондық пошта немесе
тұтынушының Жеке кабинеті арқылы алуға мүмкіндік береді

Банктер мен БЕО өзара әрекет етуі

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коммуналдық қызметтер үшін төленетін төлемдерді өңдеуді бірыңғай есептеу орталықтары (бұдан былай БЕО) жүзеге асырады. Төлемдерді қабылдауды Банктер жүзеге асырады. Төлемдерді қағаз түбіртіктері бойынша кассада қабылдаған кезде Банк қызметкерлері күнделікті келесі әрекеттерді орындайды:

  • Төлеушіден ақшаны қабылдайды;
  • Банк жүйесіне төлем сомасын енгізеді;
  • Квитанцияға кассаның баспа-таңбасын қояды;
  • Квитанцияның өз бөлігін жыртып алады;
  • Квитанцияларды бумаға жинайды;
  • Бумалар реестрін жасайды;
  • Бір күнде қабылданған төлемдерді БЕО жібереді.

Әрі қарай БЕО квитанциялар бумасын қабылдайды, өңдейді (қызметтер бойынша соманы таратады), төлемдерді тарату тізімдемесін қалыптастырып, Банкке жібереді, сол негізде Банк коммуналдық қызметтер жеткізушілерінің есеп айырысу шоттарына ақшаны аударады.

Онлайн төлемдер

Одан басқа, электронды түрде төлемдерді төлеу әдістері бар. Ол үшін «АЛСЕКО» АҚ компаниясымен банктерге арналған сервис әзірленіп, ұсынылады.

Сервис мүмкіндік береді
  • Интернет-банкинг - Банк  жүйесінің сайтында төлемдерді орындау;
  • Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары және т.б. төлем жүйелері арқылы төлемдерді орындау;
  • Банк кассирінің жұмыс орнында осы сервисті кірістіру.

Осы сервистің жұмысы коммуналдық қызметтерді төлейтін адамдарға да, сонымен қатар Банкке де қолайлы.

Банк үшін қолайлылық неден тұрады?

Төлеу әдістерін ұлғайту есебінен БЕО шоттары бойынша төлемдерді қабылдайтын кассаларға жүктеме азаяды.

Сервис кассирдің жұмыс орнына көшірілген кезде квитанциядан дербес шотты тере отырып Банк қызметкері экранда қызметтер бойынша төлеуге жататын болжамды сома бар шот үлгісін көреді, оған қажет болған кезде төлеуге жататын соманы редакциялап, квитанциядан көрсетілімді енгізу және төлемді қабылдау қалады, одан кейін төлем БЕО дерекқорына автоматты түрде түседі.

  • реестрлерді жасауға уақыт қысқартылады;
  • БЕО қабылданған төлемдер бойынша квитанцияны күнделікті жеткізуге кететін уақыт пен шығындар қысқартылады;
  • өңдеу мүмкін болмау себеппен БЕО-тан Банкке квитанцияны қайтару проблемасы болмайды, квитанцияда көрсетілген дербес шот БЕО дерекқорында табылмаған жағдайда және т.б. жағдайда;
  • қағаз квитанцияларын жинауға уақыт қысқартылады;
  • бумада квитанцияларды рәсімдеуге уақыт қысқартылады;
  • реестрлерді жасауға уақыт қысқартылады;
  • БЕО қабылданған төлемдер бойынша квитанцияны күнделікті жеткізуге кететін уақыт пен шығындар қысқартылады;
  • квитанцияда көрсетілген сомамен Банк баспа-таңбасындағы соманың сәйкессіз келу қателігі болмайды, нәтижесінде квитанциялар БЕО-тан Банкке өңделмеген түрде қайтарылатын;
  • өңдеу мүмкін болмау себеппен БЕО-тан Банкке квитанцияны қайтару проблемасы болмайды, квитанцияда көрсетілген дербес шот БЕО дерекқорында табылмаған жағдайда және т.б. жағдайда.
Веб-қызметтермен жұмыс сипаттамасы