Алматы қ. бойынша бірыңғай есеп айырысу орталығы 1998 жылдан
бастап қызмет атқарып келеді және тұрғындарға қызметтер бойынша
деректерді ыңғайлы түрде: қағаз шот, электрондық пошта немесе
тұтынушының «Жеке кабинеті» арқылы алуға мүмкіндік береді
Төлемдер бойынша ақпаратты дерекқорға енгізу;
Нормативтік-анықтамалық ақпаратты жүргізу;
Белгіленген тарифтер бойынша көрсетілген қызметтер үшін төлем бойынша есептеу сомаларының есебін жүргізу;
Қызмет тұтынушыларға шот-квитанцияларды басып шығару;
Банк бөлімдерінен келіп түсетін төленген шоттарды өңдеу;
Банктер бойынша келіп түсетін төлемдер реестрін қалыптастыру;
Банктер бойынша төлемдерді тарату тізімдемелерін қалыптастыру;
Көрсетілген қызметтер үшін төлеу бойынша сальдоны жүргізу;
Келіп түскен төлемдер бойынша қызмет жеткізушілерге арналған ақпаратты беру:
Қызмет жеткізушілерінен есептеу және түзету бойынша ақпаратты алу:
Деректерді түзету.
АЛСЕКО. iЕРЦ ПИК типтік шарттарды жасасуды, мұрағатты жүргізуді, төленген шот- квитанциялар бойынша халықпен жұмыс істеуді, жеткізушілер хаттары бойынша қосымша ақпаратты дайындауды, тапсырыс берушілерге қажетті есептерді беруді және дерекқорда түзету үшін олардан ақпаратты алуды қамтамасыз етеді – осының барлығы АЛСЕКО. iЕРЦ негізгі міндеті болып табылады.
Шот- квитанциялармен байланысты мәселелер туындаған жағдайда коммуналдық қызметтердің кез келген тұтынушысы тұтынушыларда да, қызмет жеткізушілерде де уақыт пен шығынды үнемдеу мақсатында жұмыс істейтін анықтамалық телефон қызметіне хабарласа алады.
АЛСЕКО. iЕРЦ деректерді өңдеу технологияларын жетілдіру бойынша міндет қойылымын дайындауға және өнеркәсіптік пайдалануға бағдарламалық өнімдерді енгізу және қабылдау бойынша жұмыстарға қатысады.