АЛСЕКО. iЕРЦ
Шот-түбіртектердегі
жарнама

Біз жарнамаңызды ай сайын тұтынушыларға жеткізілетін коммуналдық және өзге қызметтер үшін төлеу шот-түбіртектеріне орналастыра аламыз. Ол ақпараттың әлеуетті клиентке жеткізілуінің кепілдігі болып табылады. Тұтынушы шотты төлеуге дейін және одан кейін сақтап отырады, яғни, ол оны қолына ұстаған сайын оның көзі сіздің жарнамаңызды шалып отырады. Сондықтан «АЛСЕКО» АҚ басып шығаратын шот-түбіртектеріне жарнамаңызды орналастыра отырып, сіз барынша ұзақ мерзімді жарнамалық науқанның иесі боласыз.

Аудиторияны қамту

«АЛСЕКО» АҚ басып шығаратын шот-түбіртектеріне жарнамаңызды орналастыру сіздің компанияңызға өз қызметі немесе тауары туралы Алматы қаласы және Алматы облысының түгелге жуық тұрғындарын хабардар етуге мүмкіндік береді. «АЛСЕКО» АҚ басып шығаратын шоттар тиражы Алматы тұрғындары үшін – 590 000 дана және 290 000 данасы Алматы облысының тұрғындарына арналған. Жарнаманың аудиториясы осындай ауқымды болуы арқасында сіз компанияңыздың әлеуетті клиенттерінің санын арттыра аласыз, сонымен қатар компанияның тауарлары мен қызметтері көпке танымал болу мүмкіндігі де артады.

590 000
Алматыда
290 000
Облыста
Шот-түбіртектеріне орналастыру 


Жарнаманы коммуналдық қызметтер шот-түбіртектеріне орналастыру сізге келесі артықшылықтар бере алады:

01.

Сіздің жарнамаңыз түрлі-түсті болады, яғни, әлеуетті клиенттер үшін тартымды болады

02.

Сіз шоттағы жарнамалық модулінің көлемін және пішімін өз қалауыңыз бойынша таңдай аласыз

03.

Сіз жарнаманы таратуға Алматы қаласы немесе Алматы облысы бойынша аудандарын өз қалауыңыз бойынша таңдай аласыз

Жарнамалық флаердарын бекіту 


Коммуналдық қызметтер шот-түбіртектеріне жарнамалық флаердарын (үндеухаттарын) бекіту және шотпен бірге тұрғындарға жеткізу, сізге келесі артықшылықтар бере алады: 

01.

Сіздің жарнамаңыздың әлеуетті клиентке жеткізілуінің кепілдігі

02.

Сіз жарнаманы таратуға Алматы қаласы немесе Алматы облысы бойынша аудандарын өз қалауыңыз бойынша таңдай аласыз

Байланыс ақпараты

«АЛСЕКО» АҚ жарнама бөлімінің мамандары сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге және өзара тиімді ынтымақтастық үшін сізге ең қолайлы шарттар ұсынуға дайын.

Тел.: +7 727 339 50 03

e-mail: pr@alseco.kz