Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2020-03-03 10:10:50
Шоттың сыртқы түрі неге өзгерді?
Жауап
Шотнысаны тұтынушыларға шот бойынша толтыру үдерісін жеңілдету, сондай-ақ тұтынушылардың ақпараттық деңгейін арттыру мақсатында жеңілдетілді. Төлем жасағаннан кейін қағаз шот қызмет тұтынушыда сақталатын болады, өйткені 2020 жылдан бастап шот бойынша коммуналдық қызметтерді төлеуді қабылдайтын «АЛСЕКО» АҚ мен банктер төлем туралы ақпаратты электрондық түрде сақтау тәсіліне көшті.
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2020-03-03 10:11:58
Қызмет тұтынушылар шотқа енгізілген өзгерістерден қандай артықшылықтарға ие болады?
Жауап
Шоттың жаңа нысаны тұтынушыларға қағаз шот бойынша төлем кезінде толтыруға арналған уақытты екі есе үнемдеуге, есептеу құралдарының көрсеткіштерін және төлем сомаларын қолмен енгізген кезде қателерді болдырмауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, тұтынушылар төлемнің шекті мерзімдері, берешектер, артық төлемдер, тарифтер, есепке алу құралдары және басқа да нәрселер туралы ақпарат алады.
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2020-03-03 10:12:43
Шотта не өзгерілді?
Жауап
«АЛСЕКО» АҚ басып шығаратын коммуналдық қызметтерді төлеу шотына, келесі өзгерістер енгізілді:
1) шоттың жоғарғы жолында негізгі қызмет көрсетушілердің байланыс деректері және компаниялардың логотиптері көрсетілген;
2) коммуналдық қызметтерді төлеу үшін қайталанған жолдары бар шоттың (шот түбіртектің) төменгі бөлігі алынып тасталды;
3) шоттың төменгі бөлігінде, қызметтер бойынша төлем мерзімдері, төлем сомасын есептеу кезеңдері, берешек туралы мәліметтер сияқты және тағы басқа да қызмет жеткізушілерден келген ақпараттық хабарламалар мен ескертулер басылып шығарылады;
4) шоттың төменгі жолында дербес шот нөмірі, коммуналдық қызмет тұтынушының мекенжайы, шот қалыптастырылған кезеңі (айы/жылы), шоттың мөрленген күні және «АЛСЕКО»АҚ сайты көрсетілген.
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2020-03-03 10:18:32
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2020-03-03 10:19:11
Тұтынушылар «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелерінде және банктерде қағаз шоттарын төлеу кезінде не алады?
Жауап
Төлем жасағаннан кейін барлық қағаз шот тұтынушыға беріледі. Банк төлем сомасын, күнін және уақытын қамтитын, жасаған төлем туралы мөртанба/ белгі қояды.
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2020-03-03 10:20:22
Жаңа нысанның үлгісін қайда қөруге болады?
Жауап
Жаңа шоттың үлгісінalseco.kz сайтында, динамикалық (анимацияланған) өзгерістердің демо нұсқасы - https://www.alseco.kz/uploads/bill/kk/ сілтемелер бойынша көруге болады.
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2020-03-03 10:21:00
Қандай шоттар өзгерді, қағаз шоттар әлде электрондық?
Жауап
Өзгерістер АЛСЕКО мобилді қолданбадан немесе жеке кабинетінен басып шығаруға болатын қағаз шоттар мен шоттардың түпнұсқаларына қатысты. Интернет-банкинг жүйесінде көрсетілген шот (мысалы, kaspi.kz) өзгеріссіз қалады.
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2020-03-03 10:21:35
Өзгерістер қандай шоттарға қатысты: қала әлде облыс тұтынушыларына ма?
Жауап
Негізгі өзгерістер қалалық тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтерді төлеу шотына жатады. Алматы облысында тұратын тұтынушылар үшін «АЛСЕКО» АҚ басып шығаратын коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шотқа екі тармақ қосылды. Шоттың жоғарғы бөлігінде негізгі қызмет көрсетушілердің байланыс деректері және компаниялардың логотиптері көрсетілген; шоттың ең төменгі жолында жеке шоттың нөмірі, коммуналдық қызмет тұтынушының мекенжайы, шот қалыптастырылған кезеңі (айы/жылы), шоттың мөрленген күні және «АЛСЕКО»АҚ байланыс деректері көрсетілген. Коммуналдық қызметтерді төлеу үшін қайталанған жолдары бар шот түбіртектің екінші бөлігі әзірше өзгеріссіз қалады. Бұл банктердің облыстық бөлімшелері жасалған төлемдер бойынша деректерді электрондық мұрағаттауға көшу процесінде болуына байланысты.
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2020-03-03 10:22:02
АЛСЕКО сайтындағы жеке кабинетте және мобилді қолданбасында шот өзгере ме?
Жауап
Шоттың электронды нұсқасы өзгеріссіз қалады. Шот түпнұсқасын мобилді қолданбасынан немесе жеке кабинеттен сақтау және басып шығару кезінде жаңа үлгідегі шот берілетін болады.
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2020-03-03 10:22:53
Не үшін қызмет жеткізушілерден соншама ақпарат басылып шағарылады?
Жауап
Коммуналдық қызметтерді жеткізушілерден түскен хабарламалар тұтынушыларды алдын ала хабардар ету мақсатында шотта жарияланады. Олардын мерзімді төлеу мен қызмет көрсету мәселелері бойынша қосымша қолайсыздық пен түсініспеушілікті болдырмау үшін жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы міндеттемелерді орындауға қатысы бар.
Вопросы 1 - 10 из 10
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-03 13:58:41
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-03 14:04:53
Басып шығарылған шот-түбіртектегі және интернет-банкингтегі деректер неге ерекшеленеді?
Жауап
«АЛСЕКО» АҚ банктерге қағаз шотта басылған ақпаратты береді. Сіздің мәселеңізді анықтау үшін Сізге төлем жасайтын банктің қолдау қызметіне жүгіну қажет, өйткені шот-түбіртекті төлеу сервисін әрбір банк өз бетінше ұсынады.
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-03 14:06:49
Интернет арқылы төлем жасалды, қателесіп екі рет төленді. Қайталама төлемді қалай қайтаруға болады?
Жауап
Егер Сіз шотты интернет-банкинг арқылы төлеп және бірден қатені байқаған болсаңыз, төлемді тоқтату үшін Сізге төлем жүргізілген күні банктің қолдау қызметіне жүгіну қажет.
Егер төлем бірнеше күн бұрын жүргізілген болса, онда қайтару мүмкін емес, өйткені Сіз төлеген қаражатты Банк әрбір жеткізушінің есеп айырысу шотына жібереді. Бұл жағдайда Сіздің төлеміңіз келесі айда шот-түбіртектегі артық төлем ретінде ескерілетін болады.
Алайда, егер Сіз төлемді қайтаруға ниет білдірсеңіз, қайтару үшін Сізге қызмет көрсету үшін артық төлеген әрбір жеткізушіге төлемді қайтару туралы жазбаша өтініш беру қажет болады.
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-03 14:09:05
Мен шот-түбіртекті интернет-банкинг арқылы төлеймін және ыстық/суық су есептегіштерінің көрсеткіштерін енгізе алмаймын. Қайда хабарласуға болады?
Жауап
Егер қағаз шот-түбіртекте есептегіштердің көрсеткіштері басылып шығарылған және оларды өз бетімен толтыруға арналған жолдар болса, ал Сіз шот-түбіртекті төлейтін банк сайтында олар жоқ болса, онда банктің қолдау қызметіне жүгіну қажет.
Егер қағаз шотта есептегіштердің көрсеткіштерін енгізу үшін жол болмаса, Сізге есептегіштерді тексеру мерзімін (олар есептегіштердің паспорттарында көрсетілген) тексеру немесе Сізді қызықтыратын қызметті жеткізушіге жүгіну қажет. Тұратын адамдардың санын есепке ала отырып, есептеу жүргізілуі мүмкін.
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-03 14:56:54
Интернет-банкинг арқылы төлем жасалды. Төлегеннен кейін ештеңе өзгерген жоқ, төлем өтпеген сияқты. Төлемді қалай тексеруге болады?
Жауап
Қалыптастырылған шот-түбіртектер банкке айына бір рет беріледі. Келесі айдың шотын қалыптастырғанға дейін шотта басылған деректер интернет-банкингте өзгермейді.
«АЛСЕКО» АҚ анықтама телефон қызметінің: + 7 (727) 339 50 15 көп арналы телефоны бойынша тексеруге болады.
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-03 16:16:59
Мен шот-түбіртектің бір бөлігін интернет-банкинг арқылы төледім. Қалған соманы төлейін деп едім, бірақ төленбеген шоттардың жоқ екені туралы хабарлама шығады. Қалған соманы қалай төлеуге болады?
Жауап
Сіз шот-түбіртекті төлейтін банк бұрын төленген шотты қайта төлеуге мүмкіндік бермейді. Қайта төлеу үшін Сіз басқа банктің интернет-банкингін, «АЛСЕКО» шот-түбіртектері бойынша төлем қабылдайтын терминалды пайдалана аласыз немесе «АЛСЕКО» шот-түбіртектері бойынша төлем қабылдайтын кез келген банктің кассасында қағаз шотын төлей аласыз.
Вопросы 1 - 6 из 6
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-03 16:41:24
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-03 16:43:24
Шот-түбіртектегі деректер қайдан алынады?
Жауап
Шотта басылған ақпаратты «АЛСЕКО» АҚ-ына коммуналдық қызметтерді жеткізушілер ұсынады. Олар берілген ақпарат үшін жауапты болады. Егер Сізде көрсетілетін қызмет бойынша сұрақ туындаса, Сізге тиісті қызмет көрсетушімен хабарласу қажет.
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-03 16:45:13
Шот-түбіртектегі ақпаратты қалай өзгертуге болады (жылжымайтын мүлік иесінің Т. А. Ә., тұратындар саны, есептегіштер, басқалар)?
Жауап
Шот-түбіртектегі ақпаратты өзгертуді коммуналдық қызметтерді жеткізушілер жүзеге асырады. «АЛСЕКО» АҚ шот-түбіртектегі ақпаратты өз бетінше өзгертуге құқылы емес.
Ақпаратты өзгерту үшін Сізге жеткізушілердің біріне өтінішпен және меншік құқығына арналған құжаттармен байланысуыңыз керек (сату, сыйға тарту және т.б. келісім-шарттың көшірмелері / egov.kz порталынан жылжымайтын мүліктің бар екендігі туралы анықтама / egov.kz порталынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама):
- «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС;
- «Алматы жылу жүйесі» ЖШС;
- «Алматыгаз АЕО» ЖШС;
- «ТӘРТІП» АҚ.
Салық сомасын дұрыс белгілеу үшін жылжымайтын мүлік объектісінің мемлекеттік дерекқорында жылжымайтын мүліктің меншік иесі туралы өзгерістер енгізу үшін жылжымайтын мүлік объектісінің тіркелген жері бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне барлық жеке құжаттармен байланысу қажет.
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-12 14:07:58
«Электр энергиясы» қызметі бойынша шот-түбіртектегі «Дербес толтырылады» деген жолдағы көрсеткіштер және «АЖК» АҚ көрсеткіштерін алу» деген жолдағы көрсеткіштер неге ерекшеленеді?
Жауап
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жеткізушінің «Электр энергиясы» қызметі бойынша «АЛСЕКО» АҚ шот-түбіртегінде екі жол басылады.
«Дербес толтырылады» деген бірінші жолда тұтынушы шот-түбіртекті төлеген кезде электр энергиясын есептегіштің ақы төлеу сәтіндегі көрсеткіштерін көрсетеді және ақы төлеу сомасын дербес есептейді.
«АЖК» АҚ көрсеткіштерін алу» деген екінші жолда «АЖК» АҚ бақылаушылары көрсеткіштерді алу кезінде тіркелген есептегіштің көрсеткіштері бойынша ақпарат басылады. Осы көрсеткіштер негізінде абонентке төлеуге есептеу сомасы есептеледі.
Нәтижесінде, «АЖК» АҚ бақылаушыларының көрсеткіштерді алу күні тұтынушының төлем жүргізген күнінен өзгеше болады, осы екі жолдағы электр энергиясын есептегіштердің көрсеткіштері ерекшеленеді.
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-12 14:09:10
«Электр энергиясы» қызметі бойынша шот-түбіртектегі көрсеткіштер ағымдағы кезде есептегіштің көрсеткіштерінен неге ерекшеленеді?
Жауап
«АЖК» АҚ көрсеткіштерін алу» деген жолда электр энергиясын есептегіштің көрсеткіштерін алу күніне назар аударыңыз. Бұл көрсеткіш дәл сол күнге тіркеліп, ағымдағы кезде өзгеруі мүмкін.
Егер «АЖК» АҚ көрсеткіштерін алу» деген жолдағы көрсеткіштер есептегіштің нақты көрсеткіштеріне сәйкес келмесе және Сіз оларды түзеткіңіз келсе, Сізге «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС аудандық бөлімшесіне барып, есептегіштің көрсеткіштерін қайта тексеруге өтініш беру қажет. Бұл жағдайда «АЖК» АҚ бақылаушылары тексеруді жүзеге асырады және есептегішті «Тексеру актісін» жасайды. Осы акт негізінде өзекті күнге есептегіштің көрсеткіштері бойынша ақпарат түзетілетін болады.
Вопросы 1 - 5 из 5
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-03 16:49:49
Көрсетілетін қызметтерді есептеу мәселесі бойынша қайда хабарласуға болады?
Жауап
«АЛСЕКО» АҚ шот-түбіртегіндегі ақпарат коммуналдық қызметтерді жеткізушілер ұсынатын деректер негізінде басылады. Олар берілген ақпарат үшін жауапты болады. «АЛСЕКО» АҚ шот-түбіртектегі ақпаратты өз бетінше өзгертуге құқылы емес. Сізге қызмет көрсету бойынша мәселе туындаған жеткізушімен тікелей хабарласу қажет.
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-03 16:58:31
Егер өткен ай үшін шот-түбіртек ағымдағы айда төленсе және жаңа шот-түбіртек қарызды көрсете отырып келсе, не істеу керек?
Жауап
Шот-түбіртектің төменгі бөлігінде шот-түбіртекті қалыптастыру кезінде төлемдер қандай күнге есепке алынғаны көрсетілген. Егер Сіз өткен айдың шотын көрсетілген күннен кеш төлеген болсаңыз, онда бұрын жүргізілген төлемді ескере отырып, ағымдағы айдың шотын төлеңіз.
Вопросы 1 - 2 из 2
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-04 09:08:08
Егер шот-түбіртекте бөтен ЖСН басылған болса, не істеу керек?
Жауап
Шоттардағы салықтар бойынша барлық ақпарат (ЖСН нөмірі, төлемдер сомасы, өсімақы сомасы және т.б.) «АЛСЕКО» АҚ тікелей «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінен электронды түрде алатын деректер негізінде басылады.
Шотта басылған бөтен ЖСН мәселесі бойынша, Сізге салық салу объектісінің /көлік құралдарының тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіну қажет.
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-04 09:13:06
Егер бөтен ЖСН бойынша төлем төленген болса, не істеу керек?
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-04 09:14:30
«АЛСЕКО» шот-түбіртегінде: Көлік салығы, Мүлік салығы, Жер салығы жолдары басылып шығарылды, алайда төлем Мемлекеттік кірістер басқармасында жүргізілді. Не істеу керек?
Жауап
Түсініктеме алу немесе деректерді түзету үшін Сізге салық салу объектісінің / көлік құралдарының тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіну қажет.
Вопросы 1 - 3 из 3
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-04 09:19:02
Жеке кабинетте тіркелу үшін соңғы төлем сомасын қалай білуге болады?
Жауап
Меншік иесінің жеке куәлігінің көшірмесін және жеке шоттың нөмірін info@alseco.kz электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-04 09:37:18
Шот-түбіртекті ай сайын электрондық поштаға қалай алуға болады?
Жауап
Белгіленген үлгідегі өтінішті толтыру және сканерленген түрде меншік иесінің жеке куәлігінің көшірмесін, жылжымайтын мүлік құжаттарының көшірмелерін, Subscribe@alseco.kz электрондық пошта мекенжайына жіберу керек, мұнда «түбіртектің электрондық нұсқасын алғым келеді» деген белгі қойылады және алушының электрондық поштасының мекенжайы көрсетіледі.
«АЛСЕКО» АҚ мобильдік қосымшасында жеткізуге жазылу керек.
Назар аударыңыз! Электрондық таратуға жазылуды ресімдеу кезінде шот-түбіртек қағаз түрінде жеткізілмейді!
Қойылған сұрақтың күні мен уақыты: 2019-07-04 09:40:23
Мен шот-түбіртекті жоғалтып алдым, телнұсқасын қалай алуға болады?
Жауап
Шот-түбіртектің телнұсқасын бірнеше тәсілмен алуға болады:
Жеке кабинеттен alseco.kz сайтында немесе App Store/ PlayMarket арқылы тегін жүктеуге болатын АЛСЕКО мобильді қосымшадан басып шығару;