АЛСЕКО. iЕРЦ

«АЛСЕКО» АҚ ақпараттық-есептеу қызметтерін көрсетуде үлкен тәжірибеге ие. Компания қызметінің негізгі бағыттарының бірі коммуналдық және өзге де қызметтерді төлеу үшін шоттарды мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастыру және басып шығару, шоттарға рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғауды қамтамасыз ету, шоттарды жеткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ тұтынушылардың төлемдері туралы ақпаратты өңдеу болып табылады. 

 «АЛСЕКО» АҚ басқару органдары (МИБ /ЖС/ПИК) мен басқарушы компаниялар үшін жұмыс тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін қызмет көрсету бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты ұсынады, атап айтқанда:


  • Алматы қаласы бойынша коммуналдық және өзге де қызметтерді төлеу шоттарындағы қызметтер бойынша ақпаратты қалыптастыру және басып шығару;
  • Шоттарға рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғауды қамтамасыз ету (шоттарды бүктеу);
  • Тұтынушыларға шоттарды жеткізуді ұйымдастыру;
  • Банктердің тұтынушылардың төлемдерін басып шығарылған шоттары бойынша қабылдауын ұйымдастыру және оларды өңдеу;
  • Есеп беру нысандарын беру;
  • Нормативтік-анықтамалық ақпаратты жүргізу (НАА);
  • Нақты уақыт режимінде төлемдер туралы ақпаратты қарау үшін, төленген сомалар туралы, қызметтер бойынша берешек сомалары туралы есептілік нысандарын қалыптастыру және басып шығару үшін деректер базасына қол жеткізу және т. б.;
  • Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды жинау мен сақтаудың ақпараттық жүйесіне ақпарат беру процесін автоматтандыру.

Сіздің компанияңыз АЛСЕКО компаниясымен жұмыс істеген кезде қандай артықшылықтарға ие болады?


АЛСЕКО компаниясымен жұмыс істеу кезінде компанияның алатын басты артықшылығы – тұрғындар үшін көрсетілетін қызметтер бойынша төлемдердің жиналуын арттыру.

Артықшылықтары:

Сонымен қатар, біздің компаниямен жұмыс істеу кезінде сіз кейбір жұмыс түрлеріне шығындарды азайту бойынша бірқатар қосымша артықшылықтарға ие боласыз

ҮНЕМДІ!

Компанияның шоттарды дайындауға, оларды жеткізуге және тұтынушылардың төлемдері туралы ақпаратты өңдеуге кететін шығындарын азайту. Бұдан басқа, егер шоттарды тұрғындарға дейін жеткізуді Сіздің компанияңыз жүзеге асырса, АЛСЕКО сізге жеткізілген әрбір шот үшін 4 теңге төлейді.


ЖЕДЕЛ!

АЛСЕКО сізге нақты уақыт режимінде, өз офисіңізде есептіліктің қажетті нысандарын қалыптастыруға және басып шығаруға, кез келген уақытта компанияның тұрғындарға көрсететін қызметтерінің төлемі туралы ақпарат алуға, төленген шоттардың сомаларын салыстырып тексеруге және т. б. мүмкіндік беретін бірыңғай дерекқорға тегін қолжетімділікті ұсынады.

МӨЛДІР!

Шот бойынша төлемдер туралы ақпарат тұтынушы төлемді жүзеге асырғаннан кейін 10 минут ішінде Деректер базасында көрсетіледі. Түскен төлемдердің сомаларын банктер тікелей Сіздің компанияңыздың есеп айырысу шоттарына аударады.

ЗАҢДЫ!

Дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізуді болғызбауды қамтамасыз ететін шаралар қабылдау жөніндегі міндетті көздейтін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңның 22-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы талаптарын сақтау мақсатында, АЛСЕКО рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады (шоттарды бүктеу).

АҚПАРАТТЫ!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде біздің бағдарламалық-техникалық кешен тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды жинау және сақтаудың ақпараттық жүйесімен интеграцияланған. Бұл уәкілетті органдарға ақпарат беру процесін автоматтандырады және олардан ақпарат алуға мүмкіндік береді. Басқару органдарының басшылары жалпы және жеке есептеу құралдары, басқару органдары қызмет көрсететін көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының тұтынған қызметтері үшін есептеулер бойынша сенімді және өзекті ақпарат ала алады деп жоспарлануда.


Біз барлық сұрақтарға жауап беруге және ынтымақтастықтың ұсынылған шарттарын мына мекенжай бойынша талқылауға дайынбыз: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 221, 1 қабат, «АЛСЕКО» АҚ кеңсесі. Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ. сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін.