Шұғыл хабарлама

17.03.2020
Шұғыл хабарлама

Құрметті тұтынушылар!

Қазақстанда короновирустың таратылуына қарсы жарияланған іс-шараларына байланысты және азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасау мақсатымен "АЛСЕКО" АҚ тұтынушыларды қабылдайтын абоненттік бөлімі (Байзақов көшесі, 221, 1 қабат мекенжайы бойынша орналасқан) 2020 жылдың 17 наурызынан бастап уақытша жұмыс жасамайтынын хабарлаймыз.

Алматы қ.бойынша көп арналы телефон (727)339-50-15 бұрынғы режимде жұмыс істейді. Шот-түбіртекке қатысты жазбаша сұрау салуларды (жеке шот нөмірін көрсете отырып) pr@alseco.kz, info@alseco.kz электрондық мекенжайларға жіберіңіз.

Сондай-ақ, сіз alseco.kz сайтында кері байланыс нысанын пайдалана аласыз.

Шот-түбіртектің телнұсқасын Сіз www.alseco.kz сайтында жеке кабинетте басып шығара алатыныңыз туралы хабарлаймыз немесе АЛСЕКО мобильді қосымшасы арқылы, AppStore немесе PlayMarket арқылы жүктеп алуыңызға болады.  Шоттың телнұсқасын АЛСЕКО сайтынан жылжымайтын мүлік иесінің ЖСН нөмірі бойынша "АЛСЕКО квитанциялары" бөлімінен алуға болады https://bill.alseco.kz/ Бұл жағдайда жеке кабинетте тіркелу қажет емес.

Шот-түбіртекті online режимде екінші деңгейлі банктердің интернет-банкинг қызметі арқылы төлеуге болады.

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес короновирустың таралуының алдын алу бойынша төтенше шаралар 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады.

Түсіністіктерініз үшін алғыс айтамыз!