Алматы қ. бойынша коммуналдық қызметтер жеке есептеуіш құралдарының көрсеткіштерін тіркеу жұмыстарын уақытша тоқтатты
20.03.2020Қазақстанда короновирустың таратылуына қарсы жарияланған іс-шараларына байланысты және азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасау мақсатымен Алматы қ. бойынша коммуналдық қызметтер тұтынушылардың үйлер мен пәтерлердің ішінде орналасқан жеке есептеуіш құралдарының көрсеткіштерін тіркеу жұмыстарын уақытша жасамайтынын хабарлаймыз.
Қызмет бойынша санаулар дұрыс жүргізілу үшін Сіз электр қуаты, суық пен ыстық су жеке есептеуіш құралдарының фото мен көрсеткіштерін АЛСЕКО мобілді қолданбасы арқылы жібере аласыз. Қолданбаны App Store немесе Google Play Market арқылы тегін жүктеуге болады.
ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес короновирустың таралуының алдын алу бойынша төтенше шаралар 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады. Түсіністіктерініз үшін алғыс айтамыз!