«АЛСЕКО» АҚ байланыс орталығы телефон бойынша сұранымдарды тіркеу жұмыстарын уақытша тоқтатты.
30.03.2020Құрметті тұтынушылар!
Короновирустың таратылуына қарсы жарияланған іс-шараларына 30.03.2020 бастап Алматы қ. бойынша қосымша шектеулер еңгізуіне байланысты «АЛСЕКО» АҚ байланыс орталығы (727) 339-50-15 телефон бойынша сұранымдарды тіркеу жұмыстарын уақытша жасамайтынын хабарлаймыз.
Шот-түбіртекке қатысты жазбаша сұрау салуларды (жеке шот нөмірін көрсете отырып) pr@alseco.kz, info@alseco.kz электрондық мекенжайларға жіберіңіз.
Сондай-ақ, сіз alseco.kz сайтында кері байланыс нысанын пайдалана аласыз.
Шот-түбіртектің телнұсқасын Сіз www.alseco.kz сайтында жеке кабинетте басып шығара алатыныңыз туралы хабарлаймыз немесе АЛСЕКО мобильді қосымшасы арқылы, APPstore немесе Playmarket арқылы жүктеп алуыңызға болады.
Шот-түбіртекті online режимде екінші деңгейлі банктердің интернет-банкинг қызметі арқылы төлеуге болады.
ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес короновирустың таралуының алдын алу бойынша төтенше шаралар 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады.
Түсіністіктерініз үшін алғыс айтамыз!