Оnline түрде өтінім беру мүмкіндігі пайда болды

17.08.2021
Оnline түрде өтінім беру мүмкіндігі пайда болды

АЛСЕКО шотындағы меншік иесінің аты-жөнін өзгерту қажет болған жағдайда, коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің біріне жолығуға болады немесе оны үйден шықпай  жасауға болады. «АлматыЭнергоСбыт» сайтында аты-жөнін өзгертуге электрондық өтінім беру мүмкіндігі пайда болды. Қызмет Алматы қаласында және Алматы облысында тұратын және электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланатын, электр энергиясын жеткізушісі «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС болып табылатын жеке тұлғалар үшін қолжетімді.

Қызметті пайдалану үшін www.esalmaty.kz сайтындағы «Меншік иесін өзгерту» бөлімін таңдаңыз.

Өтінім беру үшін жаңа тұрғын үй иесінің ЭЦҚ қажет.

Қажетті құжаттардың тізімін және өтінім беру тәртібін www.esalmaty.kz  сайтындағы «Меншік иесін өзгерту» бөлімінде орналастырылған  «Меншік иесін өзгерту үшін өтінім беру бойынша нұсқаулықтан» қараңыз.