АЛСЕКО қызметтерді шотта басып шығару бойынша коммуналдық қызметтердің тек ірі жеткізушілерімен ғана жұмыс істейді деген мифтерді жоққа шығарамыз

07.10.2021
АЛСЕКО қызметтерді шотта басып шығару бойынша коммуналдық қызметтердің тек ірі жеткізушілерімен ғана жұмыс істейді деген мифтерді жоққа шығарамыз

Сервистік компаниялармен немесе басқару органдарымен (МИБ/ҚС/ПИК және т.б.) сөйлескен кезде, біз жиі АЛСЕКО қызметтерді шотта басып шығару туралы келесім-шарттарды  коммуналдық қызметтердің тек ірі жеткізушілермен ғана жасасады деп ойлағандықтан, олардың бізге бұрыннан бері келмегенін естиміз.

Бұл іс жүзінде ОЛАЙ ЕМЕС.

Сіздердің көпшілігіңіз шотта басқару органдарының қызметтері көрсетілген жолдарды (тұрғын үйді ұстауға арналған шығындар, күрделі жөндеуге жинақтаулар және т.б.) , сонымен қатар кіреберістерге немесе аула іші аумақтарына тазалау жүргізетін, домофон немесе бейне жабдықтарына қызмет көрсететін компаниялардың қызметтері көрсетілген жолдарды көрдіңіздер. Бұл біздің тек коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен ғана емес, сонымен қатар басқару органдарымен және сервистік қызмет субъектілерімен де (әрине, қажетті құжаттар болған жағдайда) бірге қызмет жасайтынымызды растайды.

Қазір қалада МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) және ҚС (қарапайым серіктестік) көбірек құрылуда, біз де басқарудың жаңа нысандарымен белсенді ынтымақтасып, жұмыс істейміз.

АЛСЕКО мамандары әрдайым сұрақтарға жауап беруге және әлеуетті клиенттермен ынтымақтастық шарттарын талқылауға дайын, сондай-ақ біздің мамандар қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша кеңес бере алады және көмектесе алады.