Ашық есік күні: біз үйді басқарудың жаңа МИБ/ЖС нысанына көшеміз
07.12.20212021 жылғы 26 қарашада Алматы қаласында Әлеуметтік қызметтер үйінде Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Оның мақсаты:
- тұрғын үйді басқарудың жаңа нысанына көшу удерісін түсіндіру,
- мүлік иелері бірлестігін (МИБ) немесе қарапайым серіктестікті (ҚС) тіркеуге көмек көрсету.
Қатысуға «АЛСЕКО» АҚ, уәкілетті органдар, қызметтерді жеткізушілер, аудандық әкімдіктердің, әділет органдарының өкілдері тартылды.
«АЛСЕКО» АҚ мамандары басқа қатысушылармен бірге МИБ құру бойынша талаптарды, қандай құжаттар қажет екенін,
ПИК-тің МИБ-тен айырмашылығы неде екенін түсіндірді, олар жүздеген қала тұрғындарына үйді басқарудың жаңа ережелеріне қатысты туындаған сұрақтарға ғана емес, басқа да қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша қажетті кеңестер берді.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар заңнамаға сәйкес үйді басқарудың жаңа нысанын қолдануы тиіс: көппәтерлі үйдегі ПИК-тің орнына МИБ немесе ҚС.
Жұмыс істеп тұрған басқару органдары үйдің құжаттамасын МИБ төрағаларына/ҚС сенімді тұлғаларына тапсырады және 2022 жылғы 1 шілдеге дейін таратылатын болады.
Алматы қаласындағы 3000-нан астам үй тұрғындардың ақша ағындарының ашықтығын қамтамасыз ететін тұрғын үй басқармасының жаңа нысанына көшіп үлгерді.
Олар енді жарналардың қайда кететінін және қандай қажеттіліктерге қаражат жұмсалғанын бақылай алады.