КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЖЕТКІЗУШІЛЕР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
04.02.2022«АЛМАТЫ ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІ» ЖШС:
🔻Құрметті тұтынушылар!
Үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспабы жоқ үйлерде, сондай-ақ оны тексеруге алған жағдайда (ПИК/МИБ теңгерім ұстаушысы) жылытуға ай сайынғы төлем монополияға қарсы ведомство бекіткен төлемдер негізінде есептелетініне назарларыңызды аударамыз:
✅қазан – 32,93 тг/м2,
✅қараша – 152,05 тг/м2,
✅желтоқсан – 206,76 тг/м2,
✅қаңтар – 228,48 тг/м2,
✅ақпан – 192,49 тг/м2,
✅наурыз – 154,40 тг/м2,
✅сәуір-7,45 тг/м2.
Жылумен жабдықтау қызметтері үшін төлем бір айдан кейін қойылады: ақпан айындағы түбіртектерде төлем қаңтар айына және әрі қарай сол сияқты. Жыл сайын, жылыту кезеңі аяқталғаннан кейін тұтынушылардың осы санаттары үшін жылыту кезеңіндегі нақты температураны ескере отырып, қайта есептеу жүргізіледі.
🔻Үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспабымен жабдықталған үйлерде төлем оның нақты көрсеткіштерін ескере отырып жасалады: үй қанша жылу энергиясын тұтынғанына байланысты.
«Жылыту» және «ыстық су» қызметтері үшін төлемдер мәселелері бойынша сіз тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарына немесе кәсіпорынның анықтамалық қызметіне хабарласа аласыз. Барлық байланыс телефондары alts.kz сайтында орналастырылған.
🔹 Аталған төлемдер өткен 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымындағы бұрынғы деңгейде қалды.