Smart ТКШ-ның мүмкіндіктері

20.04.2023
Smart ТКШ-ның мүмкіндіктері

АЛСЕКО.Smart ЖКХ (ТКШ) платформасы әртүрлі пайдаланушы топтарына арналған:

1. Басқару органдарының/басқарушы компаниялардың тұрғындармен және «АЛСЕКО» АҚ-мен өзара бірігіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді:

  • - Онлайн және біріктірілген түрде дауыс беруді өткізу;
  • - Дауыс беру хаттамасын жасау мен қол қою;
  • - «АЛСЕКО» АҚ-на онлайн түрде 33, 42 формаларын жіберу;
  • - «АЛСЕКО» АҚ-на онлайн түрде хат жіберу;
  • - Жіберілген формалар мен хаттардың жұмыс күйін бақылау;
  • - Дербес шот бойынша ақпаратты тексеру (қызметтер бойынша төлем күні мен соммасы, сальдо және т.б.);
  • -  Төлемдер соммасы және қарыздар соммасы туралы есептерді қалыптастыру;
  • - Дербес шот бойынша қарыз туралы хабарландыруды қалыптастыру мен басып шығару және т.б.

2 Тұрғындарға мүмкіндік береді:

  • - Шоттағы тұратындардың аты-жөнін және санын өзгертуге өтінім жіберу;
  • - Басқару органына өтінім жіберу (үйдегі ақаулық, электрикті, сантехникті шақыру және т.б.);
  • - Басқару органы мен қызметтерді жеткізушілер туралы ақпарат алу;
  • - Тұрғын үйге қатысты т.б. маңызды мәселелерді шешу үшін дауыс беруді ұйымдастыру

Smart ТКШ-ға тіркеліп, барлық сұрақтарды онлайн түрде жылдам шешіңіз (https://smart.alseco.kz/)