АЛСЕКО және БҚДАД

18.02.2026
АЛСЕКО және БҚДАД

2025 жылдың жазында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (БҚДАД) «АЛСЕКО» АҚ-ға қатысты жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша қорытынды шығарды. Қорытындыға сәйкес, Компания өз контрагенттерінің кейбірінен (ТМС (СЕМ)-ге жатпайтын тұрғын үй-коммуналдық қызмет жеткізушілерінен) бұрынғыдан өзгеше көлемдегі және түрдегі бастапқы құжаттарды талап етуі тиіс, яғни аталған ұйымдардың бұрын ұсынған құжаттар пакетінен айырмашылығы бар. Бұл ретте, БҚДАД-ның белгілі бір тұрғын үй-коммуналдық қызмет жеткізушілері ұсынатын құжаттарға байланысты Компания процесін өзгертуге арналған талаптары қызмет көрсетушілер мен тұрғындар арасындағы шарттық қатынастарға, сондай-ақ олардың өзара міндеттемелеріне ешқандай әсер етпейді және оларға қатысы жоқ. 

Бұдан басқа, жоғарыда аталған қорытындыға дау айту ісінде қосымша бағалауды қажет ететін құқықтық мәселелер бар екенін атап өту қажет, сондықтан «АЛСЕКО» АҚ тарапынан осы бағыттағы жұмыс жалғасады.

 Сондай-ақ, Компания мемлекеттік органдардың жазбаша түсіндірмелерін басшылыққа ала отырып жұмыс істегенін атап өту маңызды, өйткені біздің ортақ басты міндетіміз – қызмет жеткізушілердің деректері негізінде шоттардың дұрыс және ашық қалыптасуын қамтамасыз ету, себебі ТҮКШ-дегі биллингтік қызметтер тұрғындар үшін ыңғайлылық пен ашықтыққа бағытталған.

Қазіргі уақытта «АЛСЕКО» АҚ бастапқы құжаттармен алмасу процестерін жетілдіру және оңтайландыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және нарық қатысушыларымен сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруда.