2026 жылғы қаңтар айынан бастап Қызылорда облысының барлық қалалары мен аудандарында коммуналдық және өзге де қызметтер үшін төлем жасауға арналған бірыңғай төлем құжаты (БТҚ) енгізілді.
14.07.2026Бірыңғай төлем құжатын енгізу заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылды және тұрғындарға тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін төлем жасауды ыңғайлы етуге бағытталған.
«АЛСЕКО» АҚ Қызылорда облысындағы бірыңғай төлем құжатының операторы болып табылады. Біздің компания қалыптастыратын тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге арналған бірыңғай төлем құжаты Алматы қаласында, Алматы облысында және Қазақстанның басқа да өңірлерінде көптеген жылдар бойы табысты қолданылып келеді.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысында бірыңғай төлем құжатына (БТҚ) келесі қызметтер енгізілген:
сондай-ақ кейбір ПИК-тердің және сервистік компаниялардың қызметтері.
Облыстағы барлық тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді (ТКҚ) бірыңғай төлем құжатына енгізу жұмыстары жалғасуда. Сондықтан бірыңғай төлем құжаты ай сайын жаңа қызметтермен толықтырылып отырады. Осылайша, бірыңғай төлем құжаты (БТҚ) арқылы өзіңіздің жылжымайтын мүлік объектіңіз бойынша барлық тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін бір төлеммен ақы төлей аласыз.
Маңызды! «АЛСЕКО» АҚ тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің құнын есептемейді. Біз тек қызмет көрсетушілер есептеген сомаларды біріктіріп, оларды бірыңғай төлем құжаты түрінде ұсынамыз. Егер бірыңғай төлем құжатында (БТҚ) көрсетілген сомалар бойынша сұрақтарыңыз туындаса, мәселе қай қызметке қатысты болса, сол қызметті жеткізуші ұйымға тікелей хабарласуыңызды сұраймыз.
Егер бірыңғай төлем құжатында (БТҚ) көрсетілген сомалар бойынша сұрақтарыңыз туындаса, мәселе қай қызметке қатысты болса, сол қызметті жеткізуші ұйымға тікелей хабарласуыңызды сұраймыз
Біздің жүйе барлық екінші деңгейдегі банктермен және төлем ұйымдарымен біріктірілген. Сізге ыңғайлы болу үшін және коммуналдық төлемдерді төлеуді ұмытпауыңыз үшін банк қосымшаларында БТҚ төлемі туралы push-хабарламаларды автоматты түрде жіберу жүйесі іске асырылды. Бірыңғай төлем құжаты (БТҚ) арқылы төлеген қаражатыңыз банктер тарапынан тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді «ТҮКҚ) жеткізушілердің тиісті есеп айырысу шоттарына тікелей аударылады. Ал банктер қабылдаған төлемдер туралы ақпарат онлайн режимінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің ақпараттық жүйелеріне жіберіледі.
Ұсынылған бірыңғай төлем құжаттары (БТҚ), БТҚ бойынша төлеген сомаларыңыз және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге қатысты басқа да ақпаратты ALSECO Smart ЖКХ қосымшасында (https://smart.alseco.kz/) тіркеліп, жеке шотыңызды қосу арқылы қадағалай аласыз . Сондай-ақ бірыңғай төлем құжатын біздің https://bill.alseco.kz/ сайтынан жеке шотыңыздың нөмірін немесе мекенжайыңызды көрсету арқылы жүктеп алуға немесе басып шығаруға болады. Бұдан бөлек, шоттың телнұсқасын Kaspi.kz қосымшасынан да жүктеп алуға болады. Бірыңғай төлем құжаты (БТҚ) бойынша жеке шотыңыздың нөмірін бірнеше тәсілмен білуге болады:
Бірыңғай төлем құжатына (БТҚ) қысқаша шолу төмендегі қысқа бейнероликте ұсынылған https://www.youtube.com/watch?v=kLQpj2htL7U
Құрметпен, «АЛСЕКО» АҚ командасы