Жастарға – жол ашық...

07.12.2021
Жастарға – жол ашық...

АЛСЕКО компаниясы Сүлейман Демирель атындағы университетте өткізілетін жыл сайынғы «Career day» бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.

Мансап күні студенттер:

·        жетекші компаниялар мен түрлі салалардың өкілдерімен кездесті, 

·        тесттен және сұхбаттасудан өтті,

·        кері байланыс, тағылымдамадан өту немесе ресми жұмысқа орналасу мүмкіндігін алды.

Біз үміткерлерімізге Мансап күні QR-код бойынша тест тапсыруды ұсындық. Тесттен сәтті өткеннен кейін кандидаттардың поштасына сұхбаттасуға шақыру келеді.

АЛСЕКО компаниясының есігі оқу барысында мансабын жаңадан бастап жүрген жас дарынды мамандарға әрқашан ашық.

Біз мақсатқа жетуге ұмтылған, белсенді адамдарды біздің командамыздың бір бөлігі болуға шақырамыз.

Ал сіз «Career day» бағдарламасына қатыспадыңыз ба? Мүмкіндіктеріңізді сынап көру әлі де кеш емес.

Бос жұмыс орындарының өзекті тізімін, сондай-ақ олардың сипаттамасын «Бос жұмыс орындары» бөлімінен қараңыз.