Келушілерді қабылдау кестесі уақытша өзгертілді

23.12.2021
Келушілерді қабылдау кестесі уақытша өзгертілді

Құрметті клиенттер!

2021 жылғы 24 желтоқсанда, Байзақов көш., 221, 1 қабат мекенжайы бойынша орналасқан тұтынушыларды қабылдау бойынша «АЛСЕКО» АҚ абоненттік бөлімі 08:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлаймыз.

Жұмыс тәртібі техникалық жұмыстарға байланысты уақытша өзгертілді.

Алматы қ.бойынша +7 (727) 339-50-15 көпарналы байланыс телефоны бұрынғы режимде жұмыс істейді.

Дербес шоттың нөмірі көрсетілген шоттарға қатысты жазбаша сұрау салуларды хат-хабарларға арналған жәшікте қалдыруға немесе pr@alseco.kz, info@alseco.kz электрондық мекенжайларына жіберуге болады.

Сондай-ақ сіз alseco.kz сайтындағы кері байланыс нысанын пайдалана аласыз.

Шоттың телнұсқасын www.alseco.kz сайтындағы «Жеке кабинеттен» немесе APPstore, Playmarket арқылы тегін жүктеп алуға болатын АЛСЕКО мобильді қосымшасынан алуға болады.

Интернет-банкинг қызметін пайдалана отырып, шотты online режимде екінші деңгейдегі банктер арқылы төлеуге болады.

Түсіністікпен қарағандарыңызға рахмет!