ТЖ-ҒА БАЙЛАНЫСТЫ АЛСЕКО АБОНЕНТТІК БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІНІҢ ӨЗГЕРУІ
05.01.2022Құрметті клиенттер!
🔻 Байзақов көш., 221, 1 қабат мекенжайы бойынша орналасқан тұтынушыларды қабылдау бойынша «АЛСЕКО» АҚ абоненттік бөлімі төтенше жағдайға байланысты 05.01.2022 ж. бастап жұмысын уақытша тоқтатқанын хабарлаймыз.
🔹 Алматы қ. бойынша +7 (727) 339-50-15 көпарналы байланыс телефоны бұрынғы режимде жұмыс істейді.
🔹 Дербес шоттың нөмірі көрсетілген шоттарға қатысты жазбаша сұрау салуларды хат-хабарларға арналған жәшікте қалдыруға немесе pr@alseco.kz, info@alseco.kz электрондық мекенжайларына жіберуге болады.
🔹 Сондай-ақ сіз alseco.kz сайтындағы кері байланыс нысанын пайдалана аласыз.
🔹Шоттың телнұсқасын www.alseco.kz сайтындағы «Жеке кабинеттен» немесе APPstore, Playmarket арқылы тегін жүктеп алуға болатын АЛСЕКО мобильді қосымшасынан алуға болады.
🔹 Интернет-банкинг қызметін пайдалана отырып, шотты online режимде екінші деңгейдегі банктер арқылы төлеуге болады.
Абоненттік бөлімнің жұмыс кестесіндегі өзгерістер туралы кейінірек хабарлаймыз.
Түсіністікпен қарағандарыңызға рахмет!