2022 ЖЫЛЫ ЖОҒАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ IT-МАМАНДЫҚТАРЫ

19.01.2022
2022 ЖЫЛЫ ЖОҒАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ IT-МАМАНДЫҚТАРЫ

Өз қызметіміздің түрі бойынша біз IT-вакансиялар нарығын үнемі бақылап отырамыз.

2021 жылы қалыптасқан үрдіске және техникалық прогрестің дамуына сүйене отырып, 2022 жылы қандай IT-мамандықтар ең жоғары сұранысқа ие болатындығын болжауға болады.

IT-нарығының негізгі трендтері:

📍 Қашықтан жұмыс істеуге өңірлерден қызметкер жиі шақырылатын болды

📍Жасанды интеллект мен клиенттермен байланыс, сандық қауіпсіздік саласындағы өнімдерді құру және сүйемелдеу бойынша қызметкерлерге сұраныс артып келеді.

📍 Сұранысқа ие мамандықтар: әзірлеушілер, тестілеуші лер, ui/ux дизайнерлері және деректерді талдаушылар.

🔻2022 жылы біздің болжамымыз бойынша ТОП IT-вакансиялар:

🔹Веб-әзірлеуші

🔹Мобильді әзірлеуші

🔹БЖ тестілеуші-автоматизаторы

🔹Data Scientist

🔹Деректер инженері

✨ Кез келген бизнестің дамуы жаңа технологиялармен байланысты екені сөзсіз. Өсіп келе жатқан IT-саласы жаңа мамандарды қажет етеді.

🔻McKinsey аналитикалық компаниясының сарапшылары мынадай қорытындыға келді: 2030 жылға дейін сандық экономиканың арқасында белсенді дамушы елдер тұрғындарының тұтыну деңгейі 23 триллион долларға дейін артады.

Және IT саласында жаңа жұмыс орындары көбейеді.

Біздің командамызға да IT мамандар қажет.