🏆 АЛСЕКО - САЛАДАҒЫ БІРНЕШЕ ДҮРКІН КӨШБАСШЫ

04.02.2022
🏆 АЛСЕКО - САЛАДАҒЫ БІРНЕШЕ ДҮРКІН КӨШБАСШЫ

🔻 NBR (Ұлттық бизнес-рейтинг) халықаралық ұйымы  2021 жылы кәсіпорындар қызметінің тиімділігіне жасалған тәуелсіз ашық талдаудың қорытындысын шығарып, «Мемлекеттік бюджетке қосқан үлесі» номинациясы бойынша АЛСЕКО компаниясына Қазақстан Республикасының үздік үш кәсіпорны арасында 1-орын (Алтын) берді

🔻 "2021 ЖЫЛҒЫ САЛА КӨШБАСШЫСЫ" құрметті атағын АЛСЕКО компаниясы бірнеше мәрте тамаша табысқа қол жеткізгені, саладағы көшбасшылық позициялардың тұрақтылығы, қызметіндегі маңызды нәтижелері және Қазақстан экономикасына қосқан қомақты үлесі үшін алды.

⭐ National Business Rating марапаты - Қазақстан нарығындағы ең беделді және маңызды марапаттардың бірі.

⭐ Естеріңізге сала кетейік, "АЛСЕКО" АҚ 2013 жылдан бастап жыл сайын сертификаттармен және "Қазақстан көшбасшысы" атағымен марапатталып келеді және Қазақстанның инновациялық компаниялары рейтингінің топ-10 қатарына кірді.

2021 жылы компания өзінің жоғары позицияларын қайта растап, күшті бәсекелестерден озып, ел экономикасына қомақты үлес қосты.

💛 Біз өз клиенттеріміз бен серіктестерімізге, сенімі мен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз! Біздің жұмысымыздың нәтижесі - көптен көп сіздердің де еңбектеріңіз.