Алматыда тұрғын үй реформасын жүзеге асыруға арналған ақпараттық орталық ашылады

12.07.2022
Алматыда тұрғын үй реформасын жүзеге асыруға арналған ақпараттық орталық ашылады

2021 жылы біз 334 көппәтерлі тұрғын үйлерді (КТҮ) басқару органына басқарудың жаңа нысандарына көшуге және қызметті бастауға көмектестік

Алматы. 27 шілде  2022 ж. АЛСЕКО  МИБ/ЖС төрағалары мен Алматы тұрғындары үшін ақпараттық орталық ашады. Орталық қызметкерлері басқару органдарының (МИБ/ЖС/ПИК), сервистік және басқарушы компаниялардың төрағалары мен қызметкерлеріне, сондай-ақ АЛСЕКО  шоттары бойынша коммуналдық қызметтерді тұтынушыларға олардың қызметі бойынша ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді.

2020 жылғы 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Қабылданған Заң шеңберінде басқарудың екі ғана нысаны қарастырылған: Мүліктің меншік иелері бірлестігі (МИБ) және жай серіктестік (ЖС). Басқарудың бұрынғы нысандары – ҮИК( ПИК), ҮИТК(ПИТК), ТК  өз қызметін 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асыра алады.

zakon.kz деректеріне сәйкес, бұрын заңмен белгіленген мерзімге – 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстандағы үйлердің тек 60 пайызы ғана басқарудың жаңа түріне ауыса алды. Осы жағдайға байланысты ақпараттық орталықтың ашылуы Тұрғын үй реформасын іс жүзінде жүзеге асыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және процеске қатысушылардың барлығына ыңғайлы болу үшін қажеттілік болып табылады.

Орталықтың салтанатты ашылуына Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен Әділет департаментінің өкілдері шақырылды. АЛСЕКО  Ашық есік күні аясында мыналар жоспарлануда: «МИБ тіркеуден кейінгі және ЖС құрудан кейінгі  бірінші негізгі іс-әрекеттер» шеберлік сыныбы, баяндамашы – Аркадий Рубцов, ҚР ҰКҚ ӨРҰ Тұрғын үй реформасы комитетінің басшысы және Smart ТКШ презентациясы – тұрғындар мен мемлекеттік органдардың өзара ашық әрекеттестігіне арналған веб-платформа.

 

Компания туралы

«АЛСЕКО» АҚ бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу және есепке алу мен қызметтерді тұтыну жүйелерін автоматтандыру саласындағы сарапшы болып табылады. Бүгінгі таңда біздің 130 маман 8 400 корпоративтік клиентке және жүздеген мың пәтер иелеріне қолдау көрсетіп, сүйемелдеп, республикалық және аймақтық ауқымдағы 13 жобада жұмыс істейді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нарығында жұмыс істеудің 24 жылдық тарихында біз коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің әртүрлі деректерін басқару және автоматтандыру бойынша орасан зор тәжірибе жинақтадық. Біз өзара әрекеттесу процестерін қалай тиімді құруға және адамдардың өмірін жеңілдетуге болатынын білеміз.

Өткізу орны: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 155, Байзақов көшесінің қиылысы, 1 қабат.

Сағат 10:00 - 13:00.

Анықтамаларға арналған телефон (727) 339-50-15.