27 шілдеде біздің Ақпараттық орталықтың салтанатты ашылуы өтті!

03.08.2022
27 шілдеде біздің Ақпараттық орталықтың салтанатты ашылуы өтті!

Ашылу салтанатына келесі қонақтар қатысты:

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары - Қабдол Бауыржан Жәлелұлы (лента кесуге рәсіміне қатысты);

 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары - Әбдікәрімов Марғұлан Жеңісұлы;

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Цифрландыру және коммуналдық жүйелер кеңсесінің басшысы-Шеркешбаев Әлібек Темірханұлы;

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы-Кирикбаев Данияр Батанович.

Сондай-ақ іс-шараға МИБ/ЖС/ПИК өкілдері қатысты. Іс-шара дәл осы аудиторияға бағытталған, өйткені Ақпараттық орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – басқару органдарының өкілдеріне МИБ/ЖС-ға көшу мәселелері бойынша кеңес беру. Олар үшін «МИБ және ЖC-ні тіркеуден кейінгі бірінші кезекте жасалатын әрекеттер» тақырыбында шеберлік классы ұйымдастырылды (спикер Аркадий Рубцов).

Сонымен қатар, іс – шараға коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің өкілдері де шақырылды, олар қонақтармен - мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге Ақпараттық орталықты одан әрі дамытуды талқылауға қатысты. Қазірдің өзінде 01.08.2022 жылдан бастап біздің ақпараттық орталықта АлматыЭнергоСбыт, Алматы Су және Ақ Tәртіп қызметкерлері қабылдауды бастайды деген шешім қабылданды. Бұл келушілерге біздің жауапкершілік аймағымызға байланысты сұрақтарға жауап алып қана қоймай, қызметтерді жеткізушілерге де сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.

Ашылудың тағы бір жарқын сәттерінің бірі «Smart ТКШ» жобасының тұсаукесері болды. Барлық қатысушылар оған қызығушылық танытты. Сұрақтар көп болды, және АЛСЕКО-ның IT жөніндегі директоры Синдеева Ольга осы барлық сұрақтарға жауап берді. Жақын арада біз бұл жоба туралы толығырақ айтып береміз. Ал қазір сіз https://smart.alseco.kz/ сайтына кіріп, функционалдардың қайсысы қол жетімді екенін көре аласыз.

Жаңа Ақпараттық орталық не үшін ашылды?

Орталықта Келушілерді қабылдау жүзеге асырылады.

Біз, бұрынғыдай, АЛСЕКО шоттарына байланысты мәселелер бойынша тұрғындарға, және келісім-шарттары бар немесе бізбен келісім-шарт жасасқысы келетін заңды тұлғаларға кеңес беруді жалғастырып отырмыз.

Сонда бұл орталық несімен жаңа?

  1. Ақпараттық орталықтың негізгі міндеттерінің бірі басқару органдарының өкілдеріне МИБ/ЖС көшу мәселелері бойынша кеңес беру болып табылады.
  2. Жаңа Орталықта АЛСЕКО қызметкерлері ғана емес, АлматыЭнергоСбыт, Алматы Су және Ақ Тәртіп өкілдері де коммуналдық қызметтерді тұтынушыларды қабылдап жатыр.
  3. Көп келушілерді қабылдауға мүмкіндік беретін кең бөлме бар.
  4. Орталықтың мекенжайы: Қарасай батыр көшесі, 155 үй.

Енді бір ғана Орталыққа келіп, сіз МИБ/ЖС көшу мәселелері бойынша толық кеңес ала аласыз және АЛСЕКО шоттарымен байланысты барлық мәселелерді шеше аласыз.