Біз АІЖО ААЖ қолданбасын іске қостық

24.04.2024
Біз АІЖО ААЖ қолданбасын іске қостық

Біз АІЖО ААЖ мобил қолданбасы жарыққа шыққанын қуана хабарлаймыз.

АІЖО ААЖ дегеніміз не?

Бұл Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – ҚР мемлекеттік органдарының жүйелеріне интеграцияланған сенімді ақпарат қамтылған қолданба.

Қолданба несімен ыңғайлы?

Мұнда атқарушылық іс жүргізуге қатысты бірқатар қызметтер қосылған:
- борышкерлердің бірыңғай тізілімінен сот қарыздарын іздеу
- ел аумағынан тыс жерге шығу шектеулерін, сондай-ақ тыйымддар мен бұғаттаулларды тексеру
- борыш толық төленген кезде шектеулерді (елден шығуға, тіркеуге, нотариалдық әрекеттерді атқаруға, мемлекеттік сатып алуға қатысу және т. б.шектеулерді) 30 минут ішінде онлайн алып тастау
- атқарушылық құжаттарды іздеу, олардың статусы мен орналасқан жерін қадағалау
- QR код сканерлеп, сот орындаушыларының шешімдерін мобил құрылғыға жүктеп алу.

Қолданбаны App Store және Google Play арқылы жүктеп алуға немесе құрылғыңыздағы қолданбалар дүкенінің іздеу өрісінде «АИС ОИП» деп іздесеңіз де болады.

Біз айрықша интуитив дизайн жасап, кеңінен қолданылатын қызметтерді қостық. Алдағы уақытта басқа да сервистерді қосып, қолданбаны жетілдіре бермекпіз.