Мерекелі кездесулер

15.05.2024
Мерекелі кездесулер

АЛСЕКО қызметкерлері жыл сайынғы дәстүрінен танбай, Жеңіс күні қарсаңында алматылық ардагерлердің үйлеріне барып қайтты. Құттықтауымыз бен игі тілектерімізді жеткізіп, кішігірім сыйлығымызды тапсырып, ақсақалдарымыз бен әжелеріміздің ерлік хикаяларынан сусындадық. Бұл біз үшін ерекше ыстық, ұмытылмас әрі сағынышқа толы кездесулер.

Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың Отан қорғаудағы өшпес ерлігі мен өлшеусіз қайраты мәңгі есімізде!

Еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен отандастарымыздың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз.