13 маусымда АЛСЕКО қызметкерлері мен Клиент компанияларының қызметкерлері АЛСЕКОМЕН бірге Донорлар күніне қатысты

17.06.2024
13 маусымда АЛСЕКО қызметкерлері мен Клиент компанияларының қызметкерлері АЛСЕКОМЕН бірге Донорлар күніне қатысты

Қалыптасқан дәстүр бойынша, жыл сайын маусым айының басында АЛСЕКО компаниясы "Донор күнін" өткізеді. Бұл күні біз компаниямыздың қызметкерлерін және Клиенттеріміздің компанияларын қан компоненттеріне мұқтаж адамдарға өмірден үміт беру үшін қан тапсыруға шақырамыз. Биылғы жылы бізді 100-ден астам донор қолдады. Бұл АЛСЕКО, АЖК, Алматы жылу желілері, АлматыЭнергоСбыт және Тартып компаниясының қызметкерлері. Нәтижесінде 13 маусымда шамамен 30 литр қан тапсырылды.  Барлық қатысушылар мен Алматы қ. Қалалық қан орталығының қызметкерлеріне алғыс айтамыз!