Жасанды интеллект саласындағы жаңа әзірлемелер
31.10.202417 қазанда Demo Day-де Әділет министрлігі өз ақпараттық жүйелері бойынша техникалық шешімдерімен таныстырды. Осындай шешімдердің бірі «АЛСЕКО» АҚ әзірлеген Цифрлық сот орындаушысы болып табылады.
Бұл технологиялық шешім, бірінші кезекте, әкімшілік айыппұлдарын ерікті түрде уақтылы төлеуге үлгермей қалған азаматтарға салынатын қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған. Цифрлық сот орындаушысы азаматқа айыппұлды 1414 нөмірінен келген СМС жіберу, EgovMobile қосымшасына және интернет банкингке Push жіберу арқылы төлеу қажеттігі туралы ескертеді, қаулымен танысуды және айыппұлды төлеуді ұсынады. Осының барлығы жеке сот орындаушысыныңжұмысына ақы төлеу қажетінсіз қолжетімді болып отыр.
30 күнтізбелік күннің ішінде төлемді алмаған жағдайда цифрлық сот орындаушысы нотариалдық іс-қимылдарға тыйым салу, банктегі шотындағы берешек сомасына шектеу қою сияқты шараларды қабылдайды.
Одан басқа, бұл шешім жеке сот орындаушыларына салынатын жүктемені азайтуға бағытталған және оларға келешекте бар күшін адамның тікелей қатысуын талап ететін атқару өндірістеріне – алимент өндіру, тәркілеу және т.б. жағдайларға шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Қазірдің өзінде цифрлық алгоритмдер мен жасанды интеллект адамға өмірлік жағдайларда көмек көрсетуде. «АЛСЕКО» АҚ әзірлеуші компания ретінде жасанды интеллектінің негізінде шешімдерді: компьютерлік көзді, дауыстық көмекшілерді және т.б. ұсыну бойынша алдыңғы қатарда тұр.