ТЖ режимінде төлемдерді өтеу туралы

21.05.2020
ТЖ режимінде төлемдерді өтеу туралы

1. Коммуналдық қызметтер бойынша өтемақыны кім ала алады?

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеу ережесіне сәйкес (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген) өз жеке шоттары немесе олармен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке шоттары болған жағдайда, коммуналдық қызметтерді жеткізушілерден 15 мың теңге мөлшерінде коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша төлемдерді өтеуді, келесі санаттағы тұлғалар алуға құқылы:

- 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;

- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- көп балалы отбасылар;

- ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;

- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.

2.Өтінімді қалай беруге болады?

Коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша төлемдерді өтеу үшін тұтынушылар Байланыс орталығы арқылы өтініш береді +7(727)341-05-27, +7(727)377-74-44 жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және дербес шоттың деректерін ұсынумен. Жоғарыда көрсетілген санаттағы адамдардың базасы Байланыс орталығына Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы мен "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ ұсынылды. Байланыс орталығының деректер базасында жоғарыда көрсетілген санаттағы адамдардың деректері болмаған жағдайда, тұтынушы +7(727)355-19-55 нөмірі бойынша Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының байланыс-орталықтарына хабарласуы қажет. Дербес шоттардың дерекқоры "АЛСЕКО" АҚ, "ИВЦ" ЖШС есеп айырысу орталықтарымен және Алматы қаласы бойынша коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен қалыптастырылған.

3.Өтеу қалай жүзеге асырылады?

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша Алматы қ. халқының төлемдерін өтеу 2020 жылғы сәуір және мамыр шоттарында көрсетілген есептеулер бойынша орындалады. Осылайша, 2020ж. мамыр айының шоттарында - 2020 жылдың сәуір айындағы шотта көрсетілген қызметтер бойынша есептеулерге және 2020ж. маусым айының шоттарында - 2020 жылдың мамыр айындағы шотта көрсетілген қызметтер бойынша есептеулерге  өтеу сомалары көрінетін болады. Ережеге сәйкес қаражатты аударуды жергілікті атқарушы органмен өтеуге жататын коммуналдық қызметтердің санына барабар жүзеге асырады. Өтеу көзделген коммуналдық қызметтерге: су, газ, жылу және электрмен жабдықтау, су бұру, қоқыс шығару және лифтілерге қызмет көрсету жатады.

Коммуналдық қызметтер бойынша өтеу сомасын бөлу мысалы.

Өтініш берушінің жеке шоты бойынша 2020ж. сәуір айы шоттында қызметтер бойынша келесі есептеу сомалары көрсетілген:

Қызмет атауы

Қызмет бойынша есептеу, теңге:

Электр қуаты

4 610.48

Жылыту

8 135.40

Ыстық су

2 007.66

Суық су

556.42

Суық су канализациясы

300.12

Ыстық су канализациясы

130.49

Газ

294.41

ҚТҚ шығару

553.04

Лифт ЖЕҚ ТҚК

453.56

Есептеудің жалпы сомасы:

17 041.58

Бұдан әрі әрбір қызмет бойынша өтеу сомасын есептеу үшін әрбір қызмет бойынша пропорция мәні анықталады:

Қызмет атауы

Пропорцияны есептеу

Пропорция мәні, %

Қызмет бойынша өтеу сомасы, теңге

Электр қуаты

4 610.48/17 041.58

27.05

4 057.50

Жылыту

8 135.40/17 041.58

47.73

7 159.50

Ыстық су

2 007.66/17 041.58

11.78

1 767.00

Суық су

556.42/17 041.58

3.27

490.50

Суық су канализациясы

300.12/17 041.58

1.76

264.00

Ыстық су канализациясы

130.49/17 041.58

0.77

115.50

Газ

294.41/17 041.58

1.73

259.50

ҚТҚ шығару

553.04/17 041.58

3.25

487.50

Лифт ЖЕҚ ТҚК

453.56/17 041.58

2.66

399.00

Жиыны:

100.00

15 000.00

Әрбір қызмет бойынша есептелген өтеу сомасы 2020 ж.мамыр айы шотында қызмет бойынша "Төлемге" бағанында көрсетілген қорытынды сомасында ескертілген. Тұтынушы коммуналдық қызметтерді төлеген жағдайда, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді төлеу туралы түбіртекте он бес мың теңгеден кем сома болса, жеткізуші төлемді келесі есепті кезеңге есептеу жолымен қайта есептеуді жүргізеді.

Егер қызметтер бойынша өтеу сомасын есепке ала отырып шот бойынша сома он бес мың теңгеден артық болған жағдайда, онда шот бойынша қалған соманы тұтынушы төлейді.

4. Өтеу шотта есепке алынғанын қалай білуге болады?

2020 ж. мамыр айындағы шоттың төменгі бөлігінде 30.04.2020 ж. дейін қоса алғанда тұтынушылардың коммуналдық қызметтерін төлеуге өтінімдер қабылданған коммуналдық қызметтер бойынша өтеу сомасын бөлу көрсетілген ақпараттық хабарлама қосылды. Хабарлама үлгісі: